Жаңалықтаржоғары

Alem VS Ерден «Ninety One» мемберінің біз білмейтін қырлары қандай?

«Ninety One» тобы шулатудан да, жаңалықтардан да шаршамайтын топтардың бірі. Иглз санын күннен күнге сапалы әндері мен ерекше стильдерімен көбейтіп жатқан жігіттер, қазір «Қағаз кеме» телесериалының басты рөл сомдаушылары ретінде жаңа қырларынан да танып жүрміз. Алайда, Alem «Қағаз кемедегі» Ерден сынды қазақ әндерін жатқа білетінін айтып қалды. Мембердің біз білмейтін тағы қандай қырлары бар?

«Alem»,  «Ninety one» тобының мембері:

Ерден мен менің ішкі дүнием сәйкес келеді ме? Меніңше, мүлдем өзгеше.

Табиғаты бөлек болғанмен, «Қағаз кемедегі»  Ерден мен Alem-нің арасында ортақ ұқсастық бар. Ол — өнерге деген махаббат.

-Ерденге емес, маған келсек, гитарада, фортепианода ойнай алам. Домбыра мектебін жеті жыл бітіргенмін. Ал, гитара мен фортпеианода жалпы курс алдым.

Телехикаядағы Alem-нің орындауындағы Абай әні, барлық иглздың есінде болар. Кью-поп орындаушысы, қазақтың халық әндері жаныма жат емес, оны балалық шақтан жаттап өскенмін дейді.

«Қағаз кеме» телехикасының алдағы бөлімдері қандай тосын оқиғаларға толы болмақ?

-Болашақта мен үшін Ерден ұнай бастайды. Себебі, Ерденде толықтай трансформация болуы мүмкін. Болып та жатқан сияқты. Бірақ, қалай оның жеке өмірі болатынын, сіздер тек сериалды бақылап көре аласыздар.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close