ЖаңалықтаржоғарыӨткенге шолу

Өткенге шолу: Іңкәр тобы

2009 жылдан бастап танымал бола бастаған Іңкәр тобы естеріңізде ме? Ол топ қазір қайда? Баян Мақсатқызы Есентеаваның продюсерлігімен құрылған топтың «Қыз сыны»,  «Маралдым»,»Қыз жүрегі»,»Ақбақай» атты әндерге түсірілген бейнебаяндары жарық көрді.

Бастапқыда үш қыз бұрымдарына шолпы тағып, қазақи көйлек, сәукеле киіп, «Ақбаян» бейнебаянымен жарыққа шығып, қазақылықты сүйетін көрермендердің назарына іліккен. Белгісіз себептермен, үштіктегі бір қыздың орны бірнеше рет ауысты. Ал топта басынан бастап бой көрсеткен Ерке мен Малика есімді сұлу бойжеткендер топ құрамы толық өзгергенше, соңына дейін болды. Кейіннен топ қыздары тұрмыс құра бастаған соң, бұл топ сахнадан біржола көрінбей кетті.

 Топ құрамында: Ерке Есмахан, Малика Чегибаева Аида Жантілеуов өнер көрсетті. Осы топ арқылы танылған ЕРКЕ ЕСМАХАН қазір продюсерсіз жеке шығармашылығымен айналысуда. Еркемен бірге бастаған Малика есімді аруымыз да кейіннен жеке көрініп жүрді. Қазір халық Маликаны Айдана Меденованың құрбысы ретінде таниды.

Ал Аида Жантілеуова топтан кейін актриса ретінде танылып жүрді. Кейіннен «Базарбаевтар» телехикаясында келін рөлін ойнаған Аида өмірде де бір шаңырақтың келіні атанды. Жарының есімі Ерғазы екен. «Іңкәр» тобының бұрынғы әншісі  «Хабар» телеарнасында «Жаңа күн» бағдарламасын жүргізді. Сонымен бірге Аиданы Ғ. Мүсірепов театрында «Махаббат пен ғадауат», «Қызыл орамалды шынарым», «Ай-Қарагөз…» қойылымдарынан көрініп жүрді.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close