ЖаңалықтаржоғарыӨткенге шолу

SuperStar жобасы арқылы танылған жұлдыздар

«Superstar.kz» жобасы, көп әншілердің үлкен сахнаға жолын ашты. 4 маусым бойы нағыз жұлдыздарды өмірге әкелген бұл жоба  2008 жылы тоқтатылды. Олай болса, әр маусымға шолу жасап, қазіргі жұлдыздар, сол кездегі қатысушыларды еске түсірейік.

1-маусым финалистері бүгінде қазақ эстрадасындағы танымал жұлдыздары.

Алмас Кішкенбаев, Әсем Жәкетаева, Мақпал Исабекова, Айқын Төлепберген, Гүлнар Сілбаева деген есімдер қазір көпшілікке танымал.

2-маусымда Қайрат Түнтеков топ жарды. Қазақстандағы Майкл Джексонның баламасы атанған Қайрат жанды дауыспен жиі ән салып, ерекше биімен есте қалған. Қазір Қайрат сахнаға қайта оралып, I’m Singer байқауына қатысуда. II орын алған Әлішер Кәрімов болса, отау құрмақ. Осы маусымда өнер көрсеткен Мөлдір Әуелбекова да – бүгінде халықтың ықыласына бөленген әнші қыздардың бірі. «KeshYou» тобының экс-мүшесі.  «Ғашық жүрек» фильмінің басты рөлін сомдап, актриса ретінде де танылған Мөлдір қазір продюсер атанбақ.

Жобадағы 3-маусым қатысушылары туралы осы маусымның жеңімпазы, эстрадамызда «қапқарашка» атана, қазір Қара бала атанған Нұржан Керменбаев осы жобада бірге қатысқан махаббаты Жанар екеуі бірігіп, «Арнау» тобы дүниеге келген еді.

4-маусым арқасында өмірге «Ринго» тобы келді. Әділжан Омаров, үздік ондықтың тысында қалып қойған Данияр Өтеген осы жобадан танылған жігіттер.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close