Жаңалықтаржоғары

Әйгілі гример Назарбаев туралы жаңа фильм түсіріліміне шақырылды

Оскар жүлдесінің иесі, британдық гример Марк Кульер «Көшбасшы жолы» киноэпопеясына түсіріліміне шақырылды.

«Фильмде Қазақстанның жас Астанасының қалай дамығаны, халықаралық деңгейге қалай жеткені баяндалады», – дейді фильм режиссері Ақан Сатаев.

Түсірілім Алматы мен Астана қалаларында өтеді, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Біз әлемге әйгілі гриммер, суретші Марк Кульерді шақырттық. Ол кино саласындағы бірнеше жүлде иегері», – дейді продюсер Әлия Меңдіғожина.

«Бізде 14 күрделі гримм бар. Оны Марк Кульер жасайды. Осылайша актерді елбасыға ұқсататын боламыз», – деді Сатаев.

Марк Кульер ең үздік макияж жасағаны үшін «Оскарды» ұтқан.

Кинода елбасының рөлін Мұрат Ахманов сомдайды. Одан бөлек, Еркебұлан Дайыров, Жан Байжанов ойнады. Туынды келесі жылдың желтоқсан айында шығады деп жоспарлануда.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close