Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Отандық жаңа фильмдердің тұсаукесері

26 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында Құралай Анарбекованың продюсерлігімен  «Брат или брак»жаңа комедиясы көрермендерге жол тартып, біраз жақсы пікірлер жинауда. Келесі күтіліп жүрген тағы бір комедия жанрындағы  отандық «Больше, чем кино» фильмі. Тұсаукесері 23-қарашаға жоспарланып отыр. Режиссер, продюсер — Асқар Бисембин. Фильм несімен ерекше болмақ? Фильмде Nagimuwa, Ratbek сынды белгілі вайнерлер бой көрсетеді. Жалпы фильм режиссер, актер, суретші, грим жасаушылар, бет әрлеушілер, бір сөзбен айтқанда, кино әлеміне қатысы бар адамдар жайлы.

30 қарашадан бастап, әнші, тоймен — Бүркіт мырза режиссер мен продюсер кейпіндегі дебютын тойлайтын болады. Триллер жанрындағы «Логово» фильмінде Дидар Кәденнің экс-жары — Айым Алтынбекова, дабсмэш жұлдызы — Алия Байбусинова, белгілі актер, әнші — Бауыржан Сатов секілді жас актерлер басты рөлдерді сомдайтын болады. Бір той Бүркітсіз өтпейтін әнші, отандық фильмдердің тарихындағы алғашқы триллерлер қатарына қоспақ. Айтпақшы, продюсер өз инстаграм парақшасында  фильмге қатысты ойын ойнатуда. Сыйлыққа LG G6 ұсыныпты. Бағыңызды неге сынап көрмеске?

Біздің келесі қозғайтын фильміміз, әзіл әлеміндегі ардагер, түнгі студияның тұрғыны — Нұрлан Қоянбаевтың ерекше фильмі, нағыз комедия — «Бизнес по-казахски» жалғасы. Қазақша бизнес деген не? Ол әрине туысқанчики!)) Сол туыстардың арқасында Лос-Анджелеске дейін көтерілген Жомарт пен Олень 28 желтоқсанда, жаңа-жыды бірге қарсы алуға дайындыққа шақырады. Қапы қалмаңыз!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close