Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Алтынай Жорабаева «Хабар» арнасына өкпесін білдірді

Жуырда ғана Хабар арнасының жаңа маусымы салтанатты түрде тұсауын кесіп, Ләйлә Сұлтанқызы ұлтық арнадан Хабар арнасының «Тікелей эфир» бағдарламасының тізгінін ұстап, инстаграм желісіндегі парақшасында: «Ия, өткен аптада эфирде болған қонақтарымның барлығын мен басқа қырынан таныдым.Əрқайсысы өмірінде белең алып жатқан проблемаларын жеңіп, қателік жібермеуге тырысып жүрген, өз нəпақаларын өздері тауып жүрген, басқаға үлгі-ақ бола алатын жандар екенін көрсетті. Айта берсем көп, əр адам өз өміріне өзі ғана жауапты. Оны сынауға сіздің де, менің де хақым жоқ. 
Осы аптада да @tikeley_efir біраз #эксклюзив дайындауда. Өткен аптада 2 хабарымыз да жоғарғы рейтинг көрсетті » — деп ағынан жарылып, алғысын жаудыртқан болатын.

 Ал бүгін болса, белгілі әнші Алтынай арнаға қара қазандай өкпесін айтып: Мынау не сұмдық ! Неге менімен ақылдаспайды ? Сонда рейтинг үшін біреудің өмірін талқылау керек пе? Хабар арнасының абыройына мынадай бағдарлама ұят ! Хабар телеарнасына ешқандай жаман пікірім, ниетім жоқ ! Мынау Тікелей эфир деген бағдарламаға шақыратын кезде , тек менің шығармашылығым, Астанада қалай тұрып жатқанымыз, қыздарым Астананы қалай қабылдады? Әкем мен анамнан менің балалық шағым жайында ой өрбітетіндері жайлы айтқан болатын. Ал мынаны қалай түсінуге болады ? Ақ сақалды әкем мен ақ жаулықты анам, бауырымды , құрбымды алдыртты ұшақпен. Қыздарымды шақырып , эфирге шығарып қойып, Сәбит екеуіміздің өмірімізді бүкіл халықтың алдында не үшін талқылауымыз керек ? Неге!? Менің ниетім , күйеуге тиіп , бақытты , үлгілі отбасы болу еді. Тіпті сахнаға шыққым келмейтінін айттым. Сәбитке ұрпақ қалдырайын, ұл туып берейін деп , 4 қызым дүниеге келді. Есептеп туу деген нәрсені тіпті білмедім де. Ал енді 4 қызымның әкесін бүкіл халыққа, әке-шешемнің, қыздарымның алдында отырып талқылауымыз керек пе ? Мені кішіпейілдікке, ерді сыйлауға тәрбиеледі. Ешқашан ерімнің бетіне келген емеспін . Ешкім ертеңгі күнінің қандай болатынына кепілдік бере алмайды. Менің өмірімді талқылау үшін , ол адамдар өздері 100% идеал болу керек . Қандай болса да Сәбит қыздарымның әкесі! Аман жүрсін , бақытты болсын ! Алла ғана төреші ! Мені әнші ретінде, ана ретінде қалай сыйлайсыздар, өз еріктеріңізде. Өзгертуге тырыспаймын. Мені дұрыс түсініңіздер…»Ел болам десең экраныңды түзе» демекші бүкіл xалықтың әлеуметтік мәселесі көтерілетін үлкен арна отбасылық ұсақ-түйекпен айналыспаса екен деген ниетім бар… Менің тағдырым ұлттың мәселесі емес! Біреудің тағдырын талқылап рейтинг көтеру деген, адамның тағдырымен ойнау деген сөз…. Ешкімге мұндай тағдыр тілемеймін! Лайым, қыздарыңыз бақытты болсын! Эфирге бармайтынымызды мәлімдеймін ! — деген жазба қалдырды.

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Алтынай дұрыс айттыңыз,сізбен толықтай келісемін.Ешкімнің ешқашан біреудің өмірін талқылауға құқы жоқ,əр адам Алланың маңдайға жазғнын көреді.Мына өмірде мінсіз ешкім жоқ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close