Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Мақпал Жүнісова: «Зың зыңнан» кейін біздің әндер хит болмауы мүмкін…

Халық әртісі Мақпал Жүнісова Таңшолпан бағдарламасына берген сұхбатында: «Зың-зыңнан кейін біздің әндер хит болмауы мүмкін. Хит деген қазір Жоқ-жоқ, зың-зың, дың-дың деген әндер болды ғой. Тіпті қызым Мерейдің өзі сыныпта болсын, достарым болсын осындай әндерді тыңдап, айтып қоймайды» — дейді. Бағдарлама жүргізушісінің: «Неліктен осындай әндер хит болып жүр?» — деген сұрағына Халық әртісі телеарналарды кінәлады.

«Әрине ол мына Ұлттық арна немесе мына арна деп сөгіп айтпайын, дегенмен біраз арналар осындай әндерді көп беруде. Зың-зыңның бейнабаяны шықпай жатып, осындай сұранысқа ие болса, ол әнді қалжың ән деп қабылдауға болмайды. Себебі біздің ұрпақ солай өсіп, солай тәрбиеленіп жүр . Телеарналар, әсіресе ғаламтордағы арналар осы сынды әндерді бере берсе, біздің әндер сыртта қалып жатыр»-деп пікір білдірді. Расыменде, оңай ұйқасты әндерді халық тез қабылдап, тез тарауда. Оның кінәсі талғамның төмендеуінде ме? Әлде…?

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close