Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Желіде ойын білдірген Мархаба Сәбиге Халық әртісі жауап қатты

Әнші әрі композитор, жас талант иесі — Мархаба Сәби желіде өз пікірін жазамын деп, біраз сынға ұшырады. Ол өзінің инстаграм парақшасында: «Осы біз, алдыңғы ұрпақ өкілдерін керемет деп қабылдап, шын-өтірігі аралас әйтеуір мақтап, пір тұтуға құмармыз. Шындығы сол, түк бітірмей, атақтың, қалтасының қамымен жүре беріпті. Бір жоғары деңгейде ерекше дүние жасайыншы деп бас қатырмапты», — дейді әнші. Ол жазасының нақты кімге қатысты екенін айтпаған, дегенмен біраз өнердегі аға-әпкелерінің намысына тиіп, сынға ұшырады. Мәселен, НТК  арнасының хабарлауы бойынша, бұл пікірге Мақпал Жүнісованың өз айтары бар.

Мақпал Жүнісова, ҚР Халық әртісі:

-Бізге тиіп жатқан шығар ол сөз. Бізді ештеңе жасамады деп ойласа, бізге «Халық әртісін» бекер берген жоқ. Мемлекеттік сыйлықты бекер берген жоқ. Біздің архивті ақтарсын. Қаншама жылда, қаншама ән айтылды. Қаншама гастрөлдік сапарларға бардық.

 

Мен бір әнін білемін. «Ұнайсың маған, ұнайсың маған…» дегенді қайта-қайта көп береді. Қатты менің жүрегімді тебірентсе, менің оның әндерін тыңдар едім. Ол мені тебіренткен жоқ. Мен оны тыңдамаймын.

Өнер өлкесіндегілерге өкпесін айтқан Мархаба, бұл жазбасын «Өтірік, Бәке, Сәке деген көлгірсу сыйластықпен, қай ұшпаққа шығар екенбіз», — деп қорытындылаған.  Алайда, жас әншінің шулы жазбасына қаһарланған тек Халық әртісі ғана болмай шықты.

Шахизада, әнші:

-Керемет жұлдыз болса, керемет халықтың көңілінен шығып, керемет қазақ өнеріне жақсы дүниелер қалдырып жатса, біздің қасымызда жүрмей ме, есімізде болмай ма?

Марат Омаров, әнші, композитор:

-Үлкен буыннан тәрбие алмаған деп ойлаймын. Мүмкін ұстазсыз ба. Ол мен жеттім, мен толдым, мен болдым деген адам ұзаққа шаппайды деп ойлаймын.

Алайда, Мархаба бұл тақырыпқа қатысты пікір білдіруден бас тартты. Тіпті, парақшасындағы постты да өшіріп үлгерген. Алдағы уақытта, жас әнші бұл жазбасының нақты кімдерге бағытталғанын айтып, мардымды жауабын берер деген ойдамыз.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close