Басты жаңалықтарЖаңалықтарСараптамалар

«Жаралы сезімдегі» Қанат пен Арай қазір қайда?

2007 жылы «Жас ұлан» студиясы мен Еркін Рахишевтің режиссерлігімен түсіріліп,  отандық көрермендердің жүрегін жаулаған «Жаралы сезім» фильмі естеріңізде ме?

Қанша қиындықты бастан өткізіп, ата-аналары қарсы болса да, махаббаттарының беріктігінің арқасында «алақандағыдай» Алматыда қайта кездесіп, қосылатын  Арай мен Қанаттың сезімдері сол жылдары нағыз «махаббаттың» эталонына айналып, халық қошеметіне бөленіп еді. Ал қазір, арада 10 жыл өте, Арай мен Қанат қайда жүр? Олар қазір кім? — деген сұрақтардың жауабын біздің «Жұлдызды зерттеу» айдарында қарастыратын боламыз.

Қанат. Бұл рөлді сомдаған Берік Арықбаев. Қазір Алматының тұрғыны, отандық арнада режиссер болып жұмыс жасайды. Берік «Жаралы сезімнен» кейін де біраз фильмдерге түсіп үлгерген. Бір-екі рет ұлттық арнаның «Жайдарман» ойындарында да қонақ ретінде көрінді. Бір жыл бұрын сағынған көрермендер Беріктің сұхбатын «Әйел бақыты» бағдарламасынан көрді. Қазір Берік режиссер қызметінде жұмыс жасауда, әзірге актер ретінде көрінген жоқ.

Арай. Қылықты қыздың рөлін сомдаушы — Регина Шамгунова. Регина одан кейін ешқандай фильмдерде бой көрсетпеді. Фильмде де  Азамат есімді ұлды болатын Регина, қазір отбасылы, кішкентай Айсұлтанның анасы. Регина кеше ғана тұсауы кесілген, Еркін Рахишевтің 10 жылдан кейінгі туындысы «Көкжалдар» фильмінің тұсаукесерінде болып қайтты. Біздің парақшамыз  Регинамен хабарласып, қал-жағдайын сұрастырды. Ол қазір бар уақытын ұлының тәрбиесіне жұмсап жүргенін айта кетті. Актрисалық оның кәсіби мамандығы болмағандықтан қуаламағанын айтады.

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close