Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Ерке Есмаханға Шудың жігіті неке сақинасын ұсынды

«Қайдалатып» жар сала, ізеуде болған қазақ эстрадасының аққуы,  «Қайда» әнімен қаралым жағынан шетел жұлдыздарын басып озды.  Ерке өз сұрағына жауабын тапты, «Мұндамын» деп жап-жас жігіт Астанаға өзі іздеп келді. Бұл жолы әншіге 20 жастағы Шу қаласының тұрғыны ұсыныс жасап, неке сақинасын алып Хабар арнасындағы «Тікелей эфир» бағдарламасына келді деп хабарлайды Nur.kz Тікелей эфирге маска киіп келген 20 жастағы Руслан Еркеге сезімін білдіріп, тізерлей отырып ұсыныс жасады.

«Сіздің «Қайдасың» әніңізді естігелі жүрегімде сезім ұялады.  Ол жігіт Алматыда да жоқ, Астанада да жоқ. Міне, Шудан келді»,- деді ол Еркеге.

Күтпеген жерден өзіне сымбатты, әрі жас жігіт ұсыныс жасағанына таңғалған Ерке эфир барысында толқып, көзіне жас алды.

Ерке Есмаханға сымбатты Шудың жігіті неке сақинасын ұсынды (фото)ЕРКЕ ЕСМАХАН. СКРИНШОТ: ВИДЕОДАН

«Хабарға келгені жақсы болыпты, әйтпесе сыртта жүріп ұсыныс жасаса жас жігіттің басын айналдырып алды дейтін еді. Былай сезімін білдіретін жігіттер көп, бірақ күн сайын ешкім сақина ұсынбайды ғой. Өзімді қыз сезініп, толқып отырмын» ,— деген Ерке толқыныстан көз жасына ерік берді.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close