Жаңалықтаржоғары

«Бала дауысы» байқауының жеңімпазы Disneyland-ке аттанады

«Бала дауысы» ұлттық балалар байқауының финалы Алматы Аренада 27-28-29  қазан аралығында өтпек. «Жұлдыздар Әлемі»  кішкентай жұлдыздардың «жұлдызды үйінде» қонақта болып, балалардың қызу дайындыған куә болып, тілдесіп қайтты. Әр қатысушының дайындығын, ұстаздармен қатар, жұлдызды тәлімгерлер де жеке қадағалап, бірге дайындалуда. Естеріңізге сала кетейік, «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауы биыл екінші рет өтуде.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен Ә. Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қоры байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

 

1. Байқаудың финалы (телевизиялық шоу) Алматы қаласында 27, 28, 29 қазанда КТК каналында тікелей эфирде көрсетіледі. 1 қазаннан бастап барлық финалисттер «Бөбек» Ұлттық орталығында орналасқан «Жұлдызды үйде» тұруда. Балалармен хореографтар, стилисттер және музыкалық продюсерлер жұмыс жасайды.

2. Байқаудың финалы 16 финалист қатысатын 3 бөлімнен тұрады:

  • 27 қазан – Байқаудың концерттік бағдарламасы: «Әлемдік хит»; Қатысушы әлемдік хитке айналған 1 ән орындайды.
  • 28 қазан —  Байқаудың концерттік бағдарламасы: «Ұлы Даланың аңыз әндері»; Қатысушы заманауи өңдеуден өткен қазақтың белгілі халық әнін орындайды.
  • 29 қазан — Байқаудың концерттік бағдарламасы: Қатысушы тәлімгермен дуэтте тәлімгердің авторлық әнін орындайды.

Барлық байқау кезеңдері кәсіби мамандардан құралған қазылар – алқасынан және смс арқылы дауыс бере алатын телекөрермендерден тұрады.

  Жоба жеңімпазы, өз жаңа әні мен халық қошеметінен бөлек, нағыз балалар мекені, арман аралы DISNEYLAND-ке жолдама алады. Биылғы жаңа жұлдызымыз кім болады екен? Оны бірге тамашалайық!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close