Жаңалықтаржоғары
Шанхайда күй шерткен Димаш домбырасын көрерменге сыйға тартты
Қытайдың Шанхай қаласында концерт берген Димаш Құдайберген сахнада Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйін орындап көрермен қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, ол қазақтың ұлттық аспабы — домбыраны залдағы көрерменнің біріне сыйға тартты. Бұл туралы Nur.kz хабарлайды.
Әнші өзіне құрметі мен қошеметін аямаған жанкүйерлеріне алғыс білдірді.
«Жанкүйерлеріме айтатын сөзім көп. Осы байқаудан кейін аяғымды жерге тигізбей, қошемет көрсетіп, көтермелеп жүргендеріңізге үлкен рақмет! Сіздер бар кезде сахнада Димаш бар!», — деді ол қытайлық көрермендеріне.