Жаңалықтаржоғары

Мәдина Сәдуақасова: Мейрамбектің көзіне тіке қарай алмаймын

Биыл ән әлемінің патшасы Мейрамбек Бесбаев үшін “дуэт айту” жылы болды. Ол өнердегі ағасы Медеу Арынбаевпен, інісі Қайрат Нұртаспен дуэт жаздырды. Алдағы уақытта Жұбаныш Жексенұлымен бірге шырқағысы келетінін жасырмады.

Бұл туралы Stan.kz жазады.

Бұдан өзге, Мәдина Сәдуақасованың 20 жылдық есеп беру концертінде онымен бірге жаздырған әннің тұсауын кесті. “Жаңбырлы күз” әні көпшіліктің көңілінен шыққан еді.

Алайда замандас-досы, тіпті, бірге дуэт айтқан әріптесі болса да, Мәдина Сәдуақасова Мейрамбектің көзіне тіке қараудан ұялатынын айтты.

«Мейрамбектің көзіне тік қарай алмаймын. Неге екенін өзім де білмеймін», – деді Сәдуақасова ағынан жарылып.

Өз кезегінде желі оқырмандары ибалы да инабатты қазақ қыздарының қашаннан ер адамның көзіне тік қарамағанын жазып жатты.

“Жарайсың Мәдина, Қызылорданың қызы дегенмен тәртіпті ғой”, “Сіздің сыпайылығыңыз бен сыйластығыңыз”, “Ол Мейрамбек ағасын сыйлағандық”, “Әрине Мейрамбектей өнер иесімен дуэт құру. Мысы басқан шығар, ұяңдық та бар”, “Қазақ қызына тән сыпайылық, құдіретті әншіге – Мейрамбекке деген құрмет болар”, “Дұрыс, бұл сіздің тәрбиеңіз бен ұялшақтығыңызды білдіреді”, – деп пікір білдірді желідегілер.

Дереккөз: Kaz.caravan.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close