Жаңалықтар

Отандық жұлдыздар Тәуелсіздік алған жылын білмей ұятқа қалды (видео)

Шоу-бизнес жұлдыздарының біліміне көп ешкім назар аудара бермейді. Өйткені, олардың өнері мен таланты барлығына көз жұма қарауға шақырады. Дегенмен, отандық әншілердің Қазақстанның қашан тәуелсіздік алғанын білмей қалғаны көпшілікке ұнамады.

Бұл туралы КТК телеарнасындағы Instaлайық бағдарламасында айтылды деп жазады Nur.kz

«Заманауи жырау» атағын алған рэпер әрі журналист Жан Ахмадиев шоу-бизнес жұлдыздарының білімін тексеріп көрмек болды. Ол өнер жұлдыздарынан Қазақстанның қай жылы тәуелсіз мемлекет болғанын сұраған. Әйтсе де, жұлдыздардың жауабы көңілден шыққан жоқ.

Әнші Жазира Байырбекова Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан екенін айтты. Бірақ Жанболаттың жұбайы еліміз тәуелсіздікті 1986 жылы алды деп есептейді екен.

«Тәуелсіздікті қай жылы алғанымызды білмеймін. Ол кезде мен бала болдым», — деп Серікбол Сайлаубек қысқа қайырды.

Ал Жеңіс Ысқақова болса, өзіне мектеп бағдарламасындағы сұрақтарды қоймауды сұраған.

«Адам тоңып тұрғанда қайдағы жоқ сұрақ қоясыңдар. Ол кезде мен мұрнымнан су ағып, «Менің Қазақстанымды» айтып алаңда жүргем. Әрине, қайдағы жоқ сұрақ емес. Мұны біз білуіміз керек», — деді Жеңіс Ысқақова.

Желі қолданушылары Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын жатқа білмейтін әншілер үшін өздері ұялғанын жазуда.

https://youtu.be/51UD0B—b9w

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close