ЖаңалықтарӘнші

Димаштың 10-кезеңде орындайтын әні белгілі болды

Қытайда өтіп жатқан “Singer 2017” жобасы өз мәресіне жақындап келеді. Енді бірнеше аптадан соң біз қытайлар мен қазақстандықтардың көзайымына айналған жобаның нәтижесін білетін боламыз. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бас-аяғы 14 кезеңнен тұратын жобаның 9 туры артта қалды. Оның үшеуінде Димаш бірінші орынды ұтып, жеңіс кубогын иеленді. Жалпы есепте Димаш әлі де үздік үштіктің көшін бастап тұр.

Алдағы сенбіде «Singer 2017» байқауының 9-кезеңі эфирден көрсетіледі. Онда Димаш әлемге әйгілі канадалық әнші Селин Дионның “All by myself” әнін орындайды. Есте болса, бұл кезеңде Димаштың екінші орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Ал 25 наурызда эфирге шығатын 10-кезеңде Димаш тағы да қытай тіліндегі әнді орындайтын болды.

Дереккөз: Baistars.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close