Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Төлендиев өзін «қыздарға қырындап, құдаларды есекке теңеді» дегендерге жауап қатты

«Алдараспан» театрының директоры Нұржан Төлендиев танымал актер ғана емес, қаламақысы ең жоғары асабалардың бірі. Алайда осыдан бірнеше ай бұрын оның асабалық қызметіне күмәнмен қарап, айыптаған жандар БАҚ-қа сұхбат беріп, өз ойын жеткізген еді. Мәселенің анық-қанығын анықтау үшін Stan.kz тілшісі актердің өзіне хабарласты. Төлендиев бұл жағдайды жоққа шығарды.

Өзін қаралаған жандарға «Алдараспан» басшысы ренжулі секілді.

«Мен кінәлі емеспін, ақталғым келмейді, халықтың өзі кімнің ақ, кімнің қара екенін шешеді», – деді ол. Актердің әкімшісі Руслан Махажанов мұның алаяқтардың ісі екенін айтты. БАҚ-та ақпарат жарияланғаннан кейін, Төлендиев той иелеріне хабарласып, мән-жайды анықтамақшы болған. Той иелері бұл іске өздерінің қатысы жоқ екенін айтыпты. Анықталғандай, Төлендиевке айып таққан адам аты-жөнін өзгертіп, сұхбат берген.

Махажановтың айтуынша, той иелері: «Біз олай деген жоқпыз, сіздің кімнің қаралағанын білмейміз, сізге қолымыз әрең жеткенде, олай істеп қайтеміз?» – деп айтқан. Одан кейін той иесі мен қонағы Төлендиевтің кінәсіздігін дәлелдеу мақсатында елге видео-үндеу жолдаған.

Естеріңізде болса, әлдебіреулер Төлендиевті қаралап, асабалық қызметіне күмән келтірген болатын. Актерді биші қыздарға қырындап, құдаларды есекке теңеді, одан қалса, тойдың өтуіне бір апта қалғанда қызмет ақысын қымбаттатып жіберді деп айыптаған болатын.

Ал актердің өзі соңғы сөзді халыққа қалдырып отыр.

https://youtu.be/4Nm75GEW9a0

https://youtu.be/70z0iD1neUw

Дереккөз: Juldizdar.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close