ЖаңалықтарПродюсер

Ерболат Беделхан «Ninety One-ға» байланысты жауап берді

Өткен жылдың қыркүйек айында қазақ шоу-бизнесі бес жігіттен құралған Ninety One тобымен толықты. Алайда, олардың сахнаға көтерілгені сол еді, өзіне назар аудартқысы келгендердің көбісі аталмыш топты жамандап шықты деп хабарлайды «Гәкку» арнасы.

Топ продюсері Ерболат Беделхан оған себепкерлердің бірі ретінде кейбір БАҚ өкілдері деп санайды.

Ерболат Беделхан: «Адамдардың кішкене дұрыс пікір бізге менің балаларыма қалыптастыра алмағандығы. Осыған негізінде себепкер болған, өкінішке орай, көптеген БАҚ өкілдерінің өздері«.

Жуырда ғана Ақтөбе қаласында Ninety One тобының келуіне бір топ жастар қарсы шықты. Соның салдарынан концерт өтпей қалды. Билеттері сатылып қойған кешті Ерболат қалайда қоюға тырысыпты.

«Біз бар жағдайды сол уақытта істеуге тырыстық. Тіпті мен ол кісіге айттым: «мүмкін жаңағы Қоныста болмаса да басқа бір жерде істейміз ба?»,-деп. Ол кісі 1-2 күннің ішінде көп жерді іздеді«,- дейді Ерболат.
Ақтөбедегі ұйымдастырушы шығынға батып жатқандықтан Ерболат тіпті тегін баруға да келіскен. Алайда, ол да мүмкін болмады. Өйткені, уақыт тым тығыз еді. Ұзын құлақтан естуімізше ақтөбелік жастар алаңды жарып жіберуге де уәде етіпті. Жазда болған оқиғадан соң бұдан біраз сескенген. Енді ұйымдастырушылар сол азаматтарды сотқа беріп жатыр. Алайда, продюсер оларға кешіріммен қарайды.

Ерболат Беделхан: «Мен бірнеше рет қайталадым, осы жолы да қайталаймын: «Мен бәрін кешірдім, кешіремін де».Басқа амал жоқ. Мен де қазақпын, олар да қазақ«.
Осындай жағдайлардан соң да Ерболат қорықпайды. Алда ел аралап концерт бергелі жатыр.

«Ешқандай да қорқыныш жоқ. Біз Құдай қаласа 15-16 қалаға сапармен жүрейін деп жатырмыз жақын арада. Дайындық үстіндеміз«,- дейді Ерболат.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close