Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Қанат Исламның 29 қазан күні киіп шығатын шапанының үлгісі белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 29 қазан күні Алматыда ганалық Патрик Аллоетеймен жекпе-жек өткізеді. Бүгін отандасымыздың кездесу алдында шаршы алаңға киіп шығатын шапанының үлгісі белгілі болды. Бұл туралы боксшының «facebook» желісіндегі парақшасы хабарлады.

— Қанат Исламның жекпе-жекке киіп шығатын киімінің дизайны белгілі болды. 29 қазанда Алматыда өтетін жекпе-жекте Қанат Ислам және оның командасы дәл осы үлгідегі киімді киіп шығатын болады, — делінген.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы ганалыққа қарсы орта салмақта «WBA Fedelatin» чемпиондық белбеуін қорғайтын болады. Сондай-ақ, «WBO» (Әлемдік бокс ұйымы) тұжырымы бойынша құрлықаралық чемпион және «IBO» (Халықаралық бокс ұйымы) тұжырымы бойынша халықаралық чемпион атағына таласады.

Бірінші орта салмақта «WBA Fedelatin» атағына ие Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан.

Патрик Аллотей де тәжірибелі боксшы. Осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізген. Оның 34-де қарсыластарынан басым түскен. Оның 24-де қарсыластарын нокаутпен ұтса, 2 жекпе-жегінде ғана қарсыластарына есе жіберген. Cоңғы рет 24 маусым күні шаршы алаңға шығып, отандасы Сани Идананы жеңген. Жекпе-жектерінің барлығын дерлік Ганада өткізген. Үш кездесуі ғана өзге елде өткен. Кәсіпқой бокста «Улы жебе» деген лақап атқа ие.

Алматыдағы бокс кешінде Қанат Исламнан өзге Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев пен Айдос Ербосынұлы шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Дереккөз: Massaget.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close