Кино & ТеатрСараптамалар

Тимур Бекмәмбетовтың ұсынысына Нұртас Адамбай қарсы шықты

Танымал режиссер әрі продюсер Тимур Бекмәмбетов отандық киноны дамыту үшін қазақстандық фильмдерге билеттердің бағасын арзандату туралы ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, бұл отандық киноиндустрияның дамуына үлес қосар еді дейді. Алайда оған танымал шоумен, әрі режиссер Нұртас Адамбай қарсы шығып отыр. 

«Әрине, қазақстандық киностудияларға америкалық киностудиялармен бәсекелесу қиын екенін мойындау керек. Біздің қазақстандық киноларға оларға қарағанда екі есеге кем қаражат бөлінеді. Сондықтан да отандық кино түсірушілер бұл ретте ұтылып қалады. Көрермен әрине, сапалы киноны таңдайды» — дейді Тимур Бекмәмбетов.

Режиссердің айтуынша, билеттің бағасы киноға салынған инвестицияға сәйкес болуы тиіс. Қазір киноға ақшасы бар адамдар барады. Себебі 920 теңге тұратын билет кейбір отбасыларға қымбатқа түсуі мүмкін.

«Мысалы, әрбір азаматта отандық киноларды көруге абонементі болады. Тіпті айына 10-15 фильм болсын. Әрине, бағасы қымбат болмаса, халық келеді ғой. Бұл тұрғындарды отандық фильмдерді көруге тартудың бір жолы болып табылады» — деген Бекмәмбетов сөзін қорытындылады.

Ал соңғы жылдары режиссерлік қабілетімен танылып жүрген Нұртас Адамбай бұл ұсынысқа ашулана жауап берді.

Тимур отандық фильмдердің билеттерінің бағасы қанша тұру керек екенін айту үшін өзі қанша қазақстандық фильм түсірді екен? Неге ол мұндай ұсынысты ресейліктерге айтпайды. Қазақстандық киноларға билеттердің бағасын арзандатып, біз өзіміздің намысымызға тиеміз. Осылайша біз барша жұртқа өзіміздің отандық өнімнің арзан екенін көрсетеміз. Бекмәмбетов кино режиссері ретінде көрерменге қызық болатындай фильм түсіруге қаражат жұмсаудың қаншалықты маңызды екенін түсінуі керек. Адамдар 100-200 теңгесін үнемдеп, сапасы онша емес киноға барады деп ойламаймын. Жақсы фильм болып жатса, халық барады. Жаман болса, бармайды. Абонементтер туралы айтатын болсам, ол бір қиын кезеңдерді елестетеді», — деді Адамбаев.

Шыны керек, қазіргі кезде сапалы-сапасыз кино көп түсірілуде. Алайда бәрінің бағасы бірдей болып, кинодан шыққаннан кейін  көрерменнің өкінішіне ұласып жататыны шындық. Сондықтан Тимур Бекмәмбетовтың сөзін қате ұсыныс деп айта алмаймыз. Десек те, Адамбаев айтқандай, ұлттық фильмдерді кемсітушілік болып шықпай ма?

Бұл екі мықтының сөзталасын өздеріңіздің құзырларыңызға салдық, құрметті оқырман!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close