10 дерекInstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыкаРепортаждарСараптамаларСауалнамаСұхбаттарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Ғазизхан Шекербеков: Концертке шектеу қоймаса, тойды қысқартуға қарсы емеспін.

Әнші Ғазизхан Шекербеков тойдағы ысырапшылдықты қысқартуға қарсы емес екенін жеткізді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Жетісіп жүрген ешкім жоқ деп ән шырқайтын Ғазизхан Шекербеков туындыларына селқос қарамайды. Талғамы бөлек музыканттың стилі, әндері мен бейнебаяндары да ерекше. «2020 жылды тек өз қиялыма ерік беріп, шығармашылықпен айналысамын» деген әншіге карантин қаншалықты кедергі боп жатыр?
«Бүкіл жұмыс жасап жатқан қазаққа қалай әсерін тигізді, маған да солай болды. Себебі мен көктемнің аяғында, маыр айларында, концерт бергім келіп жүрді. 2019 жылдың күзінде алғаш рет музыканттармен бірінші концертімді жасадым. Сосын Қазақстанды аралап көрдік. Осындай бір от алып келе жатқан кезде карантин басталып қалды да, қазір енді әзірге тоқтап тұр», — дейді Ғазизхан Шекербеков.
Халыққа қол ұшын созуда әріптестерімен біріккенін жария қылмаған әнші карантин уақытында өзіме де жұбаныш керек болды дейді.

 «Өзіміздің де туысқандар бар. Олардың да дәрісі бар деген сияқты. Дәрі дегенді тауып ала салу да оңай емес екен. Кәдімгідей әжептәуір қиын бір дәріні табудың өзі. Сондықтан қазір жұрт қандай қиындықтарға тап болып жатыр соның қатарында мен де бармын», — дейді Ғазизхан Шекербеков.
Бүгінгі күні қызу талқыға салынып жатқан тағы бір мәселе. Ғазизханның тойдан бас тартуға қалай қарайтынын сұрап көрдік.
«Мен бұл жерде әнші ретінде емес, қарапайым халық ретінде қарайтын болсам. Жалпы, осы той деген нәрсені қысқартуға, ысырапшылдықтарды азайтуға қарсы емеспін негізінде. Ал енді әнші ретінде қарасам, егер концерттерге шектеу қоймайтын болса, концерттер бола беретін болса, тіптен жақсы болатын еді. Мен оны қолдаймын», — дейді Ғазизхан Шекербеков.
Менікі деп мақтанып айтатын әндерімнің бірі дәл осы «Алдағы арман» туындысы дейді музыкант. Отбасы тақырыбына арналған ән расында көпшілікке ұнады. Жанұяма жауапкершілікпен қараймын дейтін Ғазизхан қандай әке?
«Білмеймін, көңілді, жақсы әке сияқты. Мына жерде ұрысу керек пе, түсіндіру керек пе деген сияқты кездер болады. Кейде айқайлап жіберіп, «Айқайлаған дұрыс па? Әлі ерте ме?» деген сәттер болады», — дейді Ғазизхан Шекербеков.
Тілші: Ғазизхан, мен Сізге 10 сұрақ қояйын. Қысқа әрі нұсқа, тез жауап берсеңіз. Ең алғашқы әніңді қаншаға саттыңыз?
Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ: 50 мыңға.
Тілші:  Кредитіңіз бар ма?
Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ: Бар.
Тілші: Қанша?
Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ: Көп емес, 400 мыңдай шығар.
Тілші: Қандай көлік мініп жүрсіз?
Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ: Дәл қазір BMW.
Тілші: Сүйікті әншіңіз?
Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ: Көп.
Тілші: Соңғы рет қашан кітап оқыдыңыз?
Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ:Бір ай бұрын шығар.
Тілші: Репертуарыңыздағы ең сүйікті әніңіз?
Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ: Өзімнің әр жаңа әнімді жақсы көрем.
Тілші: Жұбайыңызға қаншалықты жиі сыйлық жасайсыз?
Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ: «Сыйлық сыйлау керек еді-ау осы» деген кезде сыйлап тұрамын. (күліп)
Тілші: Досыңыз көп пе?
Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ: Аллаға шүкір.
Тілші: Ең жаман әдетіңіз?
Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ:Көп.
Тілші: Кино көру әлде кітап оқу?
Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ: Кино көру. (күліп)
Тілші: Той ма әлде концерт пе?
Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ: Концерт.
Тілші: Ғазизхан қызғаншақ па?
Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ: Иә.
Тілші: Ғазизхан тоқал ала ма?
Ғазизхан ШЕКЕРБЕКОВ: Бәрі де мүмкін.
Тілші: Көп рақмет!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close