Басты жаңалықтарӘнші

Ақылбек Жеменей продюсер болмақ

«Айға қарап түсірем сені есіме», «Қызыл өрік» сынды хит әндердің орындаушысы болып, тыңдарманын баураған Ақылбек Жеменей енді продюсер болмақ. Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталына әншінің өзі айтқан болатын.

–  Менде жаңалық көп. Жаңа әндер жазылып, жаңа клиптер жарық көруде. Бұйырса алдағы уақытта өздеріңіз куә боласыздар! Сонымен қатар жаңа жобаларды да қолға алып жатырмыз. Артымнан ерген інілерімді халыққа таныстырып, көпшіліктің батасын алмақпын. Яғни продюссерлік жұмысты бастадым. Әйтсе де кеңірек кейін айтып беретін боламын — деді Ақылбек Жеменей.

Орайды пайдаланып, өзінің жеке концертімен тыңдарманын қашан қуантатынын сұрап көрдік. Әйтсе де әнші оның тек жопар күйінде қалып отырғанын айтты:

– Ол енді бір Алланың қолында деп отырмын. Сәті түспей жатыр. Былай қарасаң бәрі дайын. Тәуекел жетіспей жүрген сияқты. Өнерге келгелі он жылдан асты. Осы кезге дейінгі еңбегімнің есебін бергім келіп, қанша талпынсам да, реті келмей жүр. Нақты осы уақыт дей алмаймын. Шығармашылығымның он жылдығында қойғым келген, болмады, әдемі цифр қылып, он бір жылдықты тойласам ба дедім, ол да келіспеді. Бұйырса, бәрі алдағы уақытта. «Бір тойым болатыны сөз менің…» деп отырмын- деп ағынан жарылды.

Сәтін салса, келесі жылы Ақылбектің концертін көреміз деп біз де үміттенеміз. Ал бастағалы отырған продюссерлік жұмысына «Жұлдыздар әлемі» ұжымы атынан сәттілік тілейміз!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close