ЖаңалықтарӘнші

Айдана Меденова әншілікті біржола қоя ма?

КешYouдің  құрамында 5 жылдан аса өнер көрсеткен, тәтті қылығымен талайдың жүрегін селк еткізген ерке қыз Айдана Меденова Баян Есентаеваның продюсерлік орталығынан кеткен соң, көрермен көңілінде»Қазір қайда? Немен айналысып жүр? Енді сахнаға мүлдем шықпай ма?-деген сұрақтар тұрғаны жасырын емес… Десек те, ол қол қусырып жүрген жоқ екен…

Айдана Меденованың инстаграм әлеуметтік желісіне өзінің қолынан шыққан, қаламынан туындаған туындыларын оқырмандарымен бөлісіп отыратын. Сол жұмысын өрістете отырып, Айдана «Shine PRODUCTION» орталығымен ақпан айында қоштасқан бойда, бірден өз жобасы «дизайнерлік жұмысына» кірісіп кетті…

Жаңа дизайндағы киімдер, жаңа фотосессия т.б. бәрі де дайын. Алайда ол жұмысын әлі бастаған жоқ. Оған себеп — наурыз айында болатын ерке қызбен Әлішер Нұржанов екеуінің шаңырақ тойлары..  Біздің білуімізше, Әлішер Балқаш өңірінің тумасы. 1984 жылы 19 сәуірде дүниеге келген. Қазіргі таңда FM & INDIGO топтарының продюсері.

IMG-20150303-WA0003

«Айдана мен продюсерінің арасынан қара мысық өтіпті. Айдана Баянды тойына шақырмапты»- деген қаңқу сөздердің өрбіп жүргені бәрімізге белгілі. Алайда ол: «Оның бәрі бос сөздер, ешқандай қара мысық өткен жоқ»- деп, халықтың теріс пікірде жүргендігін айтты. Бақытты сәттерінің куәсі болуға «Баян Мақсатқызы мен барлық әріптестерімді арнайы шақырдым»-дейді.

IMG_20150305_022308

Иә, отбасын құрып аяулы жар, асыл ана атану әрбір нәзік жандылардың арманы емес пе? Той өткен соң, Айдана жаңа жобасына мықтап кірісетін болады. Сонымен қатар «Мен ән айтуды тоқтатпаймын. Уақытым болғанда әнді де айтамын және киелі сахнадан ешқашан алшақтамаймын»-деп жауап берді.

 Айта кетелік, осы жылы ерке қыз нағыз маман иесі болғалы жатыр. Олай дейтініміз, КешYou тобының құрамында болған кездерде Айдана өз оқуын аяқтамаған болатын. Яғни биыл 5 курсты бітіріп, «дипломын» қорғайды.

Ал біз, ханшайымға «Жұлдыздар әлемі» порталының атынан өнерде де, өмірде де сәттілік тілейміз! Болашақта бағындырар белесіңіз көп болсын дегіміз келеді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

3 пікір

  1. Кутты болсын! Сайт. Жаңа әндер болса жане жуктеу онай болса нур устине нур болар еді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close