Басты жаңалықтарЖаңалықтар

«Eurovision-2016» конкурсы «Хабар» арнасында тікелей эфирде көрсетіледі!

Халықаралық музыкалық байқаулардың ең үздігі, көрерменнің көңілінен шығып, биыл 61-ші рет өткізілгелі жатқан «Eurovision» байқауы биыл «Хабар» арнасының эфирінен тікелей эфирде көрсетіледі!

«Eurovision» байқауы әдеттегідей жеңімпаздың елінде болады, былтыр байқауда жеңіске жеткен Швед әншісі Монс Зермерлев еді, байқау Швеция елінде биыл 6-шы рет өткізгелі отыр. Биыл байқау 10-14 мамыр аралықтарында өтеді, байқауға биыл 43 елдің қатысушылары бақ сынайды.

Халықаралық музыкалық байқау биыл «Хабар» арнасының эфирінен 10-14 мамыр аралығында Астана уақыты бойынша түнгі 01.00-де өтеді. 10 мамыр күнгі алғашқы жартылай финалда 18 елдің қатысушылары финалдық кезеңнің үздік ондығына іріктелетін болады. Армения, Финляндия, Греция, Хорватия, Молдова, Нидерланды, Ресей, Сан-Марино, Венгрия, Әзербайжан, Босния мен Герцеговина, Кипр, Эстония, Исландия, Мальта, Черногория, Чехия және Австрия үміткерлері ақтық сында ән салу үшін барын салады. Екінші жартылай финал 12 мамырда өтеді. Бұл күні Австралия, Ирландия, Израиль, Латвия, Литва, Македония, Польша, Швейцария, Сербия, Беларусь, Албания, Бельгия, Болгария, Дания, Грузия, Норвегия, Румыния, Словения және Украина қатысушылары финалдық конкурстың жолдамасы үшін таласқа түседі.

Ел-қатысушылар

Орындаушы

Ән

Австралия Dami Im «Sound Of Silence»
Австрия ZOE «Loin d’ici»
Әзербайжан Samra «Miracle»
Албания Eneda Tarifa «Fairytale»
Армения Iveta Mukuchyan «LoveWave»
Беларусь IVAN «Help You Fly»
Бельгия Laura Tesoro «What’s The Pressure»
Болгария Poli Genova «If Love Was A Crime»
Босния мен Герцеговина Dalal & Deen feat. Ana Rucner and Jala «Ljubav Je»
Ұлыбритания Joe and Jake «You’re Not Alone»
Венгрия Freddie «Pioneer»
Германия Jamie-Lee «Ghost»
Греция Argo «Utopian Land»
Грузия Nika Kocharov and Young Georgian Lolitaz «Midnight Gold»
Дания Lighthouse X «Soldiers Of Love»
Израиль Hovi Star «Made Of Stars»
Ирландия Nicky Byrne «Sunlight»
Исландия Greta Salome «Hear Them Calling»
Испания Barei «Say Yay!»
Италия Francesca Michielin «No Degree Of Separation»
Кипр Minus One «Alter Ego»
Латвия Justs «Heartbeat»
Литва Donny Montell «I’ve Been Waiting for This Night»
Македония Kaliopi «Dona»
Мальта Ira Losco «Walk On Water»
Молдова Lidia Isac «Falling Stars»
Нидерланды Douwe Bob «Slow Down»
Норвегия Agnete «Icebreaker»
Польша Michal Szpak «Color Of Your Life»
Ресей Sergey Lazarev «You Are The Only One»
Румыния Ovidiu Anton «Moment Of Silence»
Сан-Марино Serhat «I Didn’t Know»
Сербия Sanja Vucic ZAA «Goodbye (Shelter)»
Словения ManuElla «Blue And Red»
Финляндия Sandhja «Sing It Away»
Франция Amir «J’ai cherche»
Швеция Frans «If I Were Sorry»
Швейцария Rykka «The Last Of Our Kind»
Эстония Juri Pootsmann «Play»
Черногория Highway «The Real Thing»
Чехия Gabriela Guncikova «I Stand»
Хорватия Nina Kraljic «Lighthouse»
Украина Jamala «1944»

 Дереккөз: Khabar.kz
Show More

Ұқсас жарияланымдар

3 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close