Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Өзбек әншілер енді шетелге шығу үшін биліктен рұқсат алады

Өзбекстанның премьер-министр Шавкат Мирзияевтің бұйрығымен осы елдің еңбек сіңірген әртісі, атақты әнші және композитор Абдулазиз Карим бар атағынан айырылды.

Түрік азаматтығын алған әншіні «отанын сатқан» деп атаған. Тәшкент билігіндегі дереккөздің хабарлауынша, кабинет министрі Абдулазиз Каримді 2000 жылы алған «Нихол» («Росток») сыйлығынан және 2003 жылы берген Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі атағынан айырған.

Премьер-министр Шавкат Мирзияевтің өнер адамдарын жазалауы бірінші жағдай емес. 2010 жылы Шавкат Мирзияев «Хужа» тобының әншісі Иззат Ибрагимовті Тәуелсіздік күні қарсаңында дайындық шарасына келмей қойғаны үшін Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі атағынан айырды.

Таяуда мәдениет министрлігі өткізген арнайы жиыннан кейін, «Узбекнаво» бірлестігі Түркияға баратын өзбек әншілеріне деген талапты күшейткен. Бұдан былай өнер адамдары шетелге шығу үшін арнайы мекемеден рұқсат алу керек екен.

Еске сала кетейік, 29 наурызды Абдулазиз Карим Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоглудан жеке хат алған. Онда өзбек әншісіне Түркия азаматтығы берілетіні айтылған. Абдулазиз Карим 2015 жылдың мамыр айында елінде әндерін орындауға тыйым салғаннан кейін, отанын тастап кетуге мәжбүр болған. Ол содан бері Түркияда жеке шығармашылығымен айналысып келеді.

Дереккөз: Baq.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close