Басты жаңалықтарЖаңалықтарТелерадио

Сахнаға ашық-шашық шығатын әншілер кімдер?

Шоу-бизнес өкілдері батыстық әріптестерінен қалыспай, соңғы уақытта «ашық» киінуді сәнге айналдырған. Олардың есімдерін жалпақ жұрт та жақсы біледі.

Жақында продюсер Баян Есентаева көпшіліктің ашу-ызасын тудырған болатын. Нақтырақ айтсақ, продюсер салтанатты кешке шолақ шалбар (шорты) мен көк кеудеше киіп келген. Осы бір киім үлгісімен көпшілікке ұнамай, сынның астында қалған продюсердің бұл әрекетін оқырмандар «елдің назарын  аудару үшін жасаған» деп топшылады.

Сынға Ақбота Керімбекованың еті әбден үйренген. Киім-кешекке аса мән бермеймін дейтін өнер иесі сахнада жүрген жартылай жалаңаш өнер иелерін «дүбәра әншілер» деп кесіп айтты.

Ақбота Керімбекова, әнші:

— Қазіргі жастардың шығарып алғаны қымбат киіп, 5-6 мың долларға киім тіктіріп, өздерінің не айтып тұрғанын, ол әнші ме, әнші емес екен қазір өзін-өзі біле алмай жүрген дүбәра әншілер көп.

Бұл «Индиго» тобының сылқымдары. Дауыстары мен қоса киген киімдерімен де мақтана алады.

«Индиго» тобы:

— Бізде бәрі орынды.  Ұзын көйлектеріміз бар, қысқа да  көйлектеріміз бар.

Дегенмен, баратын орындарына байланысты жас әншілер қысқа әрі тым ашық киімдерді киюге тура келетіндерін жасырмайды. Әрине, ашық киінген қыздар қалай десек те, өзіне ер адамдардың назарын аудартады емес пе?

Ал Ақбота болса сахнаға тіпті спорт киіммен шықсам деп армандайды.

Ақбота Керімбекова, әнші:

— Спорт киіммен шықсам, шіркін!  Сахнада тұрып «өзімді  үстімде мен не киіп тұрмын?»  деген ой болмау керек те менде, мен әнімді шын жүрегіммен жеткізуім керек. Керімбекова ханым, әңгіме барысында қазақ шоу-бизнесінің тағы бір сырын жайып салды.

Ақбота Керімбекова, әнші:

— Жартылай жалаңаш шығады,  өзін-өзі сататын әншілер бар бізде көп.

Кешью тобының экс әншісі Айдана Меденова топтан кеткелі бері, тасы өрге домалады. Отбасын құрып, жеке бизнесін ашты. Жақында ана атанды. Бүгінде, жеке әнші ретінде танылып жүрген Айдана бейнебаян түсіріп тыңдармандарын қуантуда.

Әнші келін атанғалы бері қысқа көйлектер мен шалбарлардан бас тартқан.

Айдана Меденова, әнші:

— Әмина деп қойдық есімін.  Көмекші ретінде туысқандарым көп. Ата- анам бар. Әлішердің әкесі мен анасы.Көбінесе өзім, барлық жерге алып жүремін.

Ал, бір басына бес-алты мамандықты үйіп-төгіп алған әнші Айгүл Иманбаева  әріптестерінің арасынан тым ашық киініп ел назарына түсіп жүрген  әншінің есімін атады.

Айгүл Иманбаева, әнші:

— Лидо ашық киінеді.

Алайда оған еліктегісі келетінін де жасырмады.

Дегенмен, әнші өз елімізде Өзбекстан сынды ашық- шашық киінген өнер иелерін қатаң жазалап, заң қабылдаса қос- қолдап қолдайтынын айтады. Әзірге ол заңның  ауылы алыс.

Айгүл Иманбаева, әнші:

— Жабық, әдемілеп те сол орамалды мың құбылтып тағып, көйлекті де мың құбылтып жабық қылып киіп шығуға болады. Мен мысалға ашық-шашық киініп сахнаға шыққанға зәру емеспін. Құштар болып тұрған мен жоқпын. Әр адам өзінің жасына сай киінуі керек.

https://youtu.be/hBjpUz7STgQ

Жақында өзбек әншісі Тамила елімізден пана іздеп келген болатын. Әлеуметтік желіге салған ұятсыз видеодан дау шығып  кесірінен, әншілік лицензиясынан айырылып, елінен де қуылған-ды.  Сонымен қатар, Юлдуз Усманова, Шахзодамен  қатар 11 орындаушыға  ескерту жасалған. Өнер иелеріне  ашық -шашық киінуге тыйым салынатын заң, елімізде қашан қабылданатыны әзірге белгісіз..

Дереккөз: http://www.31.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

  1. Ашық-шашық киінетін əншілер көп.Атап айтсақ:#1 тұрған Луина оның Инстаграмм парақшасына салған өте ашық нəйіс фотоларын қарауға көзің ұялады Сосын Мақпал Исабекова,Лидо,Жания Джуринская.Жасы қырықтан асса да тойға əдепсіз шорты киініп барған Есентаева да сол қатарға жатады

  2. Неге біздің елімізде сахнаға өте қатты ашық-шашық киініп шығатын жұлдыздарға айыппұл салмайды?Біз қазақпыз! Қазақтың қыздары ешқашан ашық-шашық киінбеген,үсті-басын оранып хиджаб кимесе де етегін жапқан ұятты жерлерін бүркеген.Ал қазіргі қыздар тым ашық киінеді.Ал сахнадағы ұятсыз жұлдыздар оларға ашық киініп үлгі көрсетуде.»Қазіргі заман өзгерді,жабық киіну артта қалушылық,əлем елдері секілді киіну керек» деп айтатын жастарға айтарым:Заман өзгеріп стиль өзгерсе де өзіміздің қазақы болмысымызды өзгертпеуіміз керек! Қазақ қызы қазақ болып қалу керек! Заманға сай киімдерді жабық қылып киюге де болады.Заман өзгеріп жатыр деп тым ұятты ашық киініп,еркектердің назарын өзіне аударып,соңында ар-намысынан айырылып,жазықсыз сəбидің көз-жасына қалып тастап,жетімдер санын көбейеді.Түбінде халық құриды.Осының бəрі əйелдің етегін жаппағанынан басталады☝ Бізде Өзбекстан секілді ашық-шашық киіммен экранға түсіп жүрген жұлдыздарға қатаң жаза қолдануымыз керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close