Басты жаңалықтарЖаңалықтар

«Астана» телеарнасында «Сырты бүтін…» отбасылық драмасы жалғасын таппақ.

«Астана» телеарнасында «Сырты бүтін…» отбасылық драмасы жалғасын таппақ. Алғашында 20 серияға жоспарланған драма көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие болып, шығармашылық ұжым телехикаяның үшінші маусымын бастап отыр. 3 сәуірден бастап эфирге жол тартатын драмада алдыңғы маусымдарда қозғалған тақырыптар тереңірек ашыла түседі. Сондай-ақ жаңа маусымда бүгінгі қоғамда өзекті проблемаға айналған кесір келін мен мазасыз ене тартысы, ағайындылар алауыздығы, өгейлікпен өткен өмір,  баласына қадірі қалмаған қария мен отбасының берекесін кетірген  абысындар араздығы жайлы көрсетіледі. Шығармашылық топ бір отбасының басында болып жатқан оқиға арқылы жалпы қоғам проблемасының себебін анықтап, шешімін табуға тырысады. Сюжеті өмірдегі шынайы оқиғаларға негізделетіндіктен, драмадан әр адамның өз өмірін көруге мүмкіндігі туады. Демек, шынайы оқиғалар тізбегі —  өмір драмасы, өмір драмасы — сіздің өміріңіз! Олай болса, «Астана» телеарнасында «Сырты бүтін…» отбасылық драмасының жаңа маусымын бірге тамашалайық! Мүмкін, сырты бүтін әлемнің ішкі қалтарысында болып жатқан дәл сіздің өміріңіз киноға айналар…

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close