Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыТелерадио

«Жұлдызды айтыс» тележобасы жарыққа шықпақ

Көпшіліктің көңілінен шыққан шоу айтыс енді үлкен жобаға айналып, әр сенбінің кешінде «Хабар» арнасының эфирінен көрсетілмек. «Жұлдызды айтыста» азулы ақындар мен эстрада жұлдыздары қатыспақ. Жобада М.Әуелбекова, Е.Айдар, А.Тарғынов, Ж.Байырбекова сында танымал әншілерді көре аласыздар, ал ақындардың арасынан С.Тоқтамысова, Д.Қамиев, Д.Алагөзов, Ш.Ізбасаров сында жас әрі белігілі айтыскер ақындарды көре аласыздар. «Жоба көрермендердің тағатсыздана күтетін жобасына айналатынына сенімдіміз» — дейді ұйымдастырушылар.

Ал қазылар алқасының қатарында Жүрсін Ерман, Жанатбек Бәйтеков, Олжас Сыдықбек сынды танымал тұлғаларды көре аласыздар. Бағдарлама жүргізушілері Жанар Айжанова мен Бақытжан Қасымов

Ендеше қызықты думанды 10 сәуірден бастап «Хабар» арнасынан өткізіп алмаңыздар!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close