ТелерадиоШоумен & Тұлға

«Поле чудес» туралы деректер мен дәйектер

"Поле чудес" туралы деректер мен дәйектер

Осы уақытқа дейін 43 мемлекеттің ойыншылары қатысып үлгерген «Поле Чудес» бағдарламасының идеясы Анатолий Григорьевич Лысенкоға Франциядағы сапарында келген. Қонақ үйдің теледидарынан «Roue de la fortune»  атты бағдарламаны байқап, «француз тілін түсінбесем де, ойын тәртібін қағазға өзімше түсіре бастадым» дейді Лысенко.

"Поле чудес" туралы деректер мен дәйектер
Леонид Якубович бағдарламаны жүргізуде

Бағдарлама негізі Франция емес, Америка Құрама Штаттарында бастау алып, әлемнің 59 мемлекетінде көрсетілген.

Ресейде бұл бағдарлама «Останкино» телеорталығының 4-студиясында түсіріледі. Әр түсірілім сайын декорациялар қойылып, бірнеше шығарылымын алдын ала түсіріп қояды.

«Қалай қатысамын?» деген сұраққа «ТЕГІН!» деп жауап береді. Барлық кіру билеттерін, ал олардың саны – 25, телеорталықтың 17-студиясының алдында таратады. Халық кіру билетін қайдан алатынан хабарсыз болып, қолдан жасалған билеттерімен келетін кездері болған.

"Поле чудес" бағдарламасының алғашқы жүргізушісі - Владсислав Листьев
«Поле чудес» бағдарламасының алғашқы жүргізушісі — Владсислав Листьев

Шоу тарихында 2 жүргізуші мен 5 барабан ауыстырылған. Бағдарламаны 1990 жылдың 25 қазанынан Владсислав Листьев жүргізсе, 1991 жылдың 1 қарашасынан барабан басына Леонид Якубович келген.

Телевизиялық сөзжұмбақты шешуге жұманың 1300 кеші арналып, 6640 сөздің мағынасын білуге мүмкіндік болған. Қатысушылар 50000 сәлем жолдап, жүргізуші өз кезегінде 3700 жарнамалық үзіліс жариялаған.

"Поле чудес" туралы деректер мен дәйектер
Жүргізушінің көмекшісі Римма Агафошина

Осы кезге дейін ойыншылар 326 автомобиль мен 28 пәтер ұтып алса, Леонид Якубовичке 2000 нан мен шұжық тарту етіліпті.

Алғашқы көлікті Саратовтан келген лингвист – Нина Макарова жеңіп алған. Бағдарлама музейінен 50000-ға жуық экспонат пен сыйлықтар табуға болады.

Ал көрермен көзайымына айналған жүргізушінің әдемі көмекшісі — Римма Агафошина бұл қызметіне 15 жасында келген екен.

Жұлдыздар әлемі

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close