Басты жаңалықтарЖаңалықтарРепортаждарСараптамаларСауалнамаСұхбаттарШоу бизнесШоумен & ТұлғаЭксклюзивӘнші

«Ұрпағы жалғаспай қалар еді!» Әнші Кентал соғысқа қатысқан ардагер атасын еске алды

Қазақ эстрадасының өкілдері Ұлы Отан соғысында жанкештілік танытқан батыр бабаларының ерлігін еске алды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл! Мамыр айының тоғызы таяғанда әнші Кенталдың бойын ерекше мақтаныш сезімі кернейді. Өйткені, өнер иесінің атасы Кенжеболатов Зейнолла қан майданға қатысқан. Елі үшін тынбай төккен жүректі жігіт үш рет жарақат алып, кейін отанына аман-есен оралады.

«Атам өте мықты адам болған. Туысқан әжелерімнің айтуы бойынша, атам ешқашан жыламаған екен, ешкім көз жасын көрмеген. Кейін соғыс аяқталып, үйге келгенде әскери шеруді теледидардан көреді. Сол кезде ғана көз жасына ерік бергенін көріпті. Мінезді жігіт болған. Бір үйдің жалғыз ғана ұлы болған. Ұрпағы жалғаспай қалуы мүмкін еді. Өйткені, ол 17-18 жасында майданға аттанады. Өте жас еді. Соғыстан аман оралып, шаңырақ көтеріп, біз пайда болдық. Ардагер атамызға алғысымыз шексіз»,дейді әнші Кентал.   

«Меломендік» Ғабиттің де дәл осылай ашық аспан астында ән салуы атасының арқасы екенін жақсы біледі. Әнші бала алты жасқа толғанда, 1993 жылы ардагер ақсақал қайтыс болады. Жылдар жылжып, уақыт сырғысы да бұл жігіт бақиылық болған батыр бабасын жадынан еш шығарған емес.

«Менің атам – Әбілдаева Мұхан. 1938 жылы Украинаға әскерге кетеді. Ол кезде әскер үш жылдық болыпты. Сол 1941 жылы Отанған қайтуға дайындалып жүрген кезде жазда соғыс басталып, сол жерде қалып қояды. 316 атқыштар дивизиясының атам ардагері», — дейді «Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы.

Айтпақшы, «Меломенде» ән салатын жігіттердің барлығы батырлардың ұрпағы дерсіз. Бұл бойзбендтегі Қайраттың да атасы Ұлы отан соғысында аянбай тер төккен.

«Менің атам – Мырзаханов Сексенбай! 1914 жылы дүниеге келді. Ұлы Отан соғысының ардагері. Аман-есен соғыстан оралып жеті баланың әкесі болды. Сол бесінші баласынан мен немересімен. Өмірден озғанша менің әке-шешем бақты. Біз сол қайтайған шағында қарасып, тамағын беріп, аяқ-қолын жуып… Сол кезде айтатыны: керемет сөздер айтатын, соғыс жайлы нақыл сөздерін айтатын. Не болса, ол болсын, соғыс көрмеңіздер деп ойланып отырып қалатын», — дейді «Меломендік» Қайрат.

1997 жылы 83 жасында өмірден озған қарияның өсиетін өнерлі немересі талай мәрте тыңдап өскен. Ендігі арманы – көзі тірі ардагерлер көмекке зәру болмаса екен.

«Әрине, Ұлы Отан соғысына қатысқан барлық ардагерлердің жағдайы өте жақсы болу керек деп ойлаймын. Тиісті қаражатын алу керек деп ойлаймын. Ол кісілер еш нәрсеге алаңдамау керек. Өкінішке орай, ол кісілердің сандары аз қалды», — дейді Қайрат Мырзаханов.

«Жеңіс күні мен үшін бабамның рухын сезініп, өзімді осындай тәуелсіз кең байтақ елде еңсемді көтеріп жүретін сәт. Әрқашанда бейбітшілік өмір, тыныш заман болсын, еліміз аман болсын. Ешқандай елде соғыс болмасын»,дейді «Меломендік» Ғабит.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close