InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарРепортаждарСараптамаларСұхбаттарШоу бизнесЭксклюзив

Қайрат Әділгерей: Таралып кетеді деп ойлаған жоқпын

Көпшіліктің көкейіндегі ойды дөп басып, желіні шулатқан Қайрат Әділгерей айтылған пікірін түсіндірді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Қайрат Әділгерейді әзілкеш әрі актер ретінде жақсы танимыз. Ал оның 15 жылдан бері талай шетелдік кинофильмдерді қазақша сөйлеткенін көпшілік жақында біліп, риза болған еді. Дәл осы дубляж студиясында түсірген мына видеосы ел арасына тарап кетті.
«Мешітті халық өздері салып жатыр, ауру балаларды өзіміз емдеп жатырмыз, үйі жоқтарға өзіміз үй алып беріп жатырмыз, халық боп ақша жинап. Короновируспен ауырып жатыр еді оны өзіміз емдеп, енді халық аппаратты өзі алып жатыр. Енді бұйыртса, короновирус біткеннен кейін астанадағы Қабанбай батыр көшесін оңдау үшін Қытайдан ақша сұраймыз деді ғой. Соны сұратпау керек. Керегі жоқ. Өзіміз оңдап береміз ақша жинап», — дейді Қайрат Әділгерей.
Актердің кекесін әзілі бір күннің ішінде әлеуметтік желіні шулатып, мессенджерлерге тарады. Танымал журналист Серік Аббас-шахтың өз парақшасында жариялағаны сол еді, көпшілік көкейде жүрген ойды дөп басқан актерді қолдай жөнелді.
Иә, халықтың тұрмысы мен мұң-мұқтажын ашық айтуға әркімнің батылы бара бермейді. Әлемді жайлаған індет кезіндегі елдің қиын жағдайына қатысты жанайқайын актер былай деп түсіндірді.
«Менің ауылда әкемнің інісі қайтыс болды осы пандемиядан Тағы бір-екі ағайындарымыз қайтыс болды. Біреуіне бара алмадық, бата жасай алмады. Бұл – бір. Екіншісі, кез келген өнер адамы таңертен дайректегі 30-40 хатпен оянады. Біреу кредитымды төлеп берші дейді, біреуі ауырып жатқан баламның емі, квартирамды төлей алмай жатырмын деген сияқты сұрақтармен бізге өтініш білдіріп, көмек сұрап жатады. Біз, жалғыз өзіміз, ешкімге жетпейміз ғой. Сол эмоциямен шығып кеткен әңгіме, менің пікірім», — дейді Қайрат Әділгерей. 
Иә, инстаграм желісіндегі тікелей эфир кезінде айтылған бұл пікірдің осынша таралып кететінін актердің өзі күтпеген.
«Мен айтқаннан кейін осылай резонанс тудырып кетті. Шынымды айтсам, бұл әңгіме осылай тарап кетеді, бұлай дүмпу болады деп ойлаған да жоқпын. Бірақ, қазір жағдай өте қиын. Қазір инстаграмды ашуға қорқып кеттік. Тек негатив жаңалықтар, кісі өлімі, тек көңіл айтып жатырмыз. Осындай кезде бір-бірімізді қолдау керек сияқтымыз», — дейді Қайрат Әділгерей.
Расында да, сабырлық пен бірлікті қажет етіп тұрған кезеңде халықтың жұдырықтай жұмылғаны маңызды. Науқастардың саны артып, тыныс алу аппараттырының тапшылығы үлкен мәселеге айналды. Шетелден қажетті құрылғыны әкелуге барын салған Айнұр Тұрсынбаеваның еңбегін ерекше атап өтті актер.
«Айнұр Тұрсынбаева ханым бар. Халық өте ризашылығын білдіріп жатыр. Шынашақтай әйел заты үкіметпен бірігіп, халыққа жақсылығын аямай жатыр», — дейді Қайрат Әділгерей.
Иә, жақсылық жасау жолында Жан Муканов, Тамара Асар, Сәкен Майғазиев, Бағым Мұхитдинова секілді көптеген өнер адамдары тағы да бас біріктірді.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close