InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыкаРепортаждарСауалнамаСұхбаттарШоу бизнесӘн сөздеріӘнші

Мирас Жүгінісов: Тойда да, концертте де жанды дауыста орындаймын

Жастардың сүйікті әншісіне айналған Мирас Жүгінісов карантин уақытында концерттер мен сахнаны сағынғанын мойындады, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Салтанат АЯКЕН: Әндетемін деп жүріп, көпшіліктің жүрегін жаулап алған тағы бір хитмен, Жүгінісовтердің тағы бір мүшесі – Мирас бүгін менде қонақта. Мирас, көңіл-күй қалай? Тек сен уайымдама, маған сенші) Өзіңнің өлеңіңнің мәтіні. Олай болса, бастайық. Жеке жазған екінші әнің «Әндетемін» хит болды. Өзіңе лайықтап қалай таңдап алдың?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Әндетемінді Мұрат деген (композитор) қайырмасын жазып, қоя салды. Содан кейін тағы да ән шығару керек деп жүріп. Бір жылдай жатты Мұартта. Соңында шығардық «Әндетемінді». Білмеймін енді, өзіме қатты ұнады. Бәрі тыңдай бастады.

Салтанат АЯКЕН: Не себепті сәтті шықты деп ойлайсың осы ән?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Оның алдында мен музыкаға қатты қызықпағанмын. Бірге Жүгінісовтер болып шығып жүрген кезде сахнаға шығып жүрдік. Бірақ айтатынмын «ән айтпай-ақ қояйыншы, бизнесмен бе, басқа бірдеңе болайыншы» деп. Сәтті шыққаны, ол әндерді мен өзім үшін шығардым. Негізі, оның бәрін таратып, хит болады-ау деген оймен шығарған жоқпын. Халыққа да ұнады, маған да ұнады өзіме.

Салтанат АЯКЕН: Жеке ән салу үйреншікті болып, енді тек жеке ән салам, мен ағайындылармен шыққым келмейді деген ой болған жоқ па?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Ондай ой болған жоқ. Жоқ, ағайынды Жүгінісовтер әрдайым бірге болады ғой.

Салтанат АЯКЕН: Ән жазғанда композитормен өзің бірге отырасың ба?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Әрдайым бірге отырамын студияда. Қандай ән шығады бәрін Мұратпен бірге жасаймыз.

Салтанат АЯКЕН: Басқа әншілермен салыстырғанда сен жассың, еркінсің, стиль, таным-түсінік бәрі басқаша. Шығармашылығыңа карантин кедергі жасады ма?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Ондай кедергі болған жоқ. Студияны үйге әкеліп алдық.

Салтанат АЯКЕН: Қазіргі таңда әртістер «тойға шыққым келмейді, тойға барғанша концертке барғаным дұрыс» деп айтады. Тойда тек сапасыз болып қаламын деген қорқыныш па? Не себепті тойға барғыларыңыз келмейді?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Әндеріме байланысты шығар. Концерттерге тойға қарағанда.

Салтанат АЯКЕН: Орысша айтқанда, «дешевый» болып кетемін деп қорқасың ба?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Жоқ, «дешевый» болам деп қорықпаймын. Бәріміз тойдан бастадық қой. Бірақ шақырған жерге әрдайым барамын

Салтанат АЯКЕН: Гонорарың қанша?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Басқа қалаға 700 мыңдай, Нұр-Сұлтанда 500 мың теңге.

Салтанат АЯКЕН: Жанды дауыста орындайсың ба әндердің барлығын?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Тойда да, концерттерде де жанды дауыста орындаймын.

Салтанат АЯКЕН: Карантин режимін бұздың ба?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Бізде жер үй болғандықтан көбінесе үйде отырдық. Студия да үйде болды. Далаға шығып, аулада футбол ойнап жүретінбіз.

Салтанат АЯКЕН: Инстаграмда «Жаңа әндер мен клиптер күтіңіздер» деп жазыпсың. Қандай жаңалық? Қандай қызық болып жатыр?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Бір құпия болсын. Алда шығатын бір дуэтім бар.

Салтанат АЯКЕН: Әнді таңдап, шығаратын кезде Рүстем ағаңмен ақылдасасың ба?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Иә, әннің демосы шықсан соң, «Рүстем, мына тыңдап көрші» деп сұраймын. Ол күшіт деп айтса, күшті деп жүремін. Бір жері жаман десе, соны ойлап жүремін.

Салтанат АЯКЕН: Карантинде не істедің? Жату, ұйықтау, тамақ жеуден басқа

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Көп күндерім солай өткен сияқты. Бірақ, өзімді ішімнен жеп, «ештеңе істей алмай жатырмын, далаға шыққым келеді, концертке барғым келеді» деп жүрдім. Біреу «Онлайн концерт бересің бе?» десе, «Давай, давай» дейсің бірден.

Салтанат АЯКЕН: Енді сұрақ Қашан үйленесің?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Әзір емес.

Салтанат АЯКЕН: Қазақ эстрадасынан кімді тыңдайсың?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Ғалымжан Молданазар.

Салтанат АЯКЕН: Мирас, мен саған қазір 10 сұрақ қоямын. Қысқа әрі нұсқа жауап берсең. Қосымша жұмыс жасап көрдің бе?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Жоқ.

Салтанат АЯКЕН: Ең алғашқы табысың?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: 10 мың теңге.

Салтанат АЯКЕН: Мирас үйде көп сөз естиді ме?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Жоқ.

Салтанат АЯКЕН: Мирас қарындастарын көп ойната ма?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Иә.

Салтанат АЯКЕН: Мирас тамақ жасау біледі ме? Жұмыртқа қуырудан басқа…

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Иә, борщ. (күліп)

Салтанат АЯКЕН: Мирас қызғаншақ па?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Иә.

Салтанат АЯКЕН: Алғашқы махаббатыңның есімі?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Садикте болған шығар ол. Камила сияқты.

Салтанат АЯКЕН: Мирас инстаграмда көп реклама жасайды ма?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Ондайды жақсы көрмеймін.

Салтанат АЯКЕН: Мирас мамасының баласы ма, папасының баласы?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Ондай жоқ.

Салтанат АЯКЕН: Ата-анаңмен сырласасың ба?

Мирас ЖҮГІНІСОВ: Иә.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close