ЖаңалықтарМузыкаӘнші

«Өз кінәмді мойындаймын» Арман Қоңырбаев не бүлдірді?

Келеңіз жағдайға тап болған өнер өкілі алдағы уақытта ондай келеңсіздіктің қайта қайталанбайтынын айтты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Карантин күндері жұлдыздар сахнадан жырақтаса да — жұрт назарынан алшақтар емес. Шығармашылықты біраз уақытқа шегерген әртістердің бүгінде өнері емес, жеке өмірлері жанкүйерлерінің жіті бақылауында. Осыдан бірнеше бұрын күн лаундж-барға барып, елдегі ережені ескермеген Арман Қоңырбаев құзырлы орган өкілдерінің қолына түсті.

Мен достарымның шақыртуымен келдім. Ойын-сауық орталығына енді кіре бергенімде, артымнан полиция қызметкерлері де бірден кірді. Мен өз кінәмді мойындаймын және бұлай болғанын қаламадым, әрине. Алдағы уақыта мұндай жағдай қайталанбайды”, — дейді Арман Қоңырбаев.

Иә, Ашаның жолдасына төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ал, карантин кезінде бейқам жүрген Арманның әрекеті желідегілерге жақпай қалса керек.

 Sultangalieva.zhanylsyn: «Жұлдызсымақтар, біз біргеміз, біз үйдеміз деп ұлып жатыр едіңдер ғой. Халықты алдауды қашан қоясыңдар»

 Erke240892: «Қаңғырғанша келіншегі мен қыздарының жанында отырмай ма?»

Suleimenovaa_kz: “Екеуі екі үйде тұрады ғой. Айрылысып кеткен деп

сайттар хабарлады»

Иә, әрдайым салтантты кештер мен концерттерде көп жүретін Қоңырбаевтың үйде отырып шыдамы таусылған секілді. Ал әншінің әріптестері карантиндегі уақытын тиімді пайдаланудың жолын тапқан.

“Қазір мен сол анамның үйреткен сондай бір еңбегін, еңбек қой бәрі, тазалықты сақтап, үйде әйнектерімді жуып бос уақытымда, менің әйнектерім үлкен-үлкенболғандықтан бәрін жуып тазалауға бір аптадай кетеді. Соның бәрін тазалап отырмын. Қарап отырсам, үйде отырсаң тірлік көп екен”, — дейді әнші Шахизада.

«Меломен» тобының да түзде тындырап тірліктері көп-ақ! Алайда, дәл қазіргі жағдайда мемлекет басшысының бұйрығына бағынып, тәртіп сақшыларының талабын орындап, ақ халаттылардың ақыл-кеңесіне құлақ түру – басты мақсатымыз», — дейді бұл бойзбенд!

Үйде отырмыз.  Басшылықтан келген кеңестердің барлығын орындап, өздеріңіз көргендей маскамызды тағып, қолғабымызды киіп, анисептиктерімізді қолданып, барынша тәртіп сақтап үйде отырмыз. Енді үйде отырған кезде расымен де бос уақыт өте көп,  басында кішкене қиындау болды. Үйге үйрене алмай жүрдік, кейін үйге де үйрене бастадық. Десе де кітап оқып, жұмыс кезінде қолымыз тимей жүрген жұмыстарды қазір істеп жатырмыз”, — дейді жігіттер.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close