Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаСараптамаларШоу бизнесӘнші

«Мамыр айында!» Әнші Зируза ел күтпеген мәлімдеме жасады

Зируза тікелей эфирде анасына ән арнап, жанкүйерлеріне әзірлеген тосынсыйы барын «Карантиндегі жұлдыз» жобасында айтты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

2017 жылы үлкен сахнаға аяқ басқан Зируза үшін мамыр айының маңызы зор. Аздаған уақыт аралығында жанкүйерлер армиясын жасақтап үлгерген q-pop өкіліне тыңдарманымен жылы жүздесу өткізуге елдегі карантин кедергі келтіруде. Әйтсе де әнші тығырықтан шығар жол тапқан сыңайлы. Сылқым санаулы күндерден соң адал табынушыларына тосынсый тарту ететінін айтты.

«Қазір ойланып отырсам, мамырдың он төрті үлкен сахнада жүргеніме тура үш жыл болады екен. Осы жылдар мен үшін көптеген тәжірибе болды. Кішкентай кезімдегі арманымның орындалғанына,  тыңдармандарымның бар болғанына өте қуаныштымын. Мамырдың басында сіздерді қуантатын боламын. Бірақ нақты не екенін айта алмаймын. Ол құпия», — деді Зируза.

.

Ал күні кеше Зируза отандық аға, орта буын әншілердің үрдісін жалғап, қазақстандықтарға онлайн концерт ұсынған еді. Кеш барысында сылқым, шалғайдағы анасын сағынғанын айтып, ән жолдауды жөн көрді. Өйткені ару қазіргі таңда Алматыда. Карантинді ел қатарлы қатаң ұстанып, үйқамақта отырған жайы бар.

«Ес біле бастаған кездері анам үнемі «Бір бала» әнін айтатын. Сол үшін бұл өлең мен үшін өте жылы. Қазір эфирді менің анам көріп отырған болар. Осындай кезеңдерде жақындарымыз қалай маңызды екенін білуге болады», — деді әнші.

Q-pop өкілі карантиннің өзіне берген мүмкіндігін барынша тиімді қолданып жүргеніне қуанады. Шығармашылықтан біршама уақыт демалыс алған әнші, өзін-өзі тануға көңіл бөліп жүр. Сондай — ақ, Зируза ақ келін атанатын күннің де ауылы алыс еместігін ескерсе керек, аспаздық қырын  жетілдіруді де қолға алған.

«Мен үйде уақытымды барынша босқа кетірмейін деп отырамын. Бірақ кейде менің де сериал, фильмдер көріп, жатып қалатын кездерім болады. Бірақ орташа қалыңдықтағы бітіремін деп жүрген бір кітабым бар еді. Соны оқып, аяқтадым. Йогамен айналысуды бастадым. Өте күшті екен. Іштей сабырлыққа үйретеді. Тағам жасауды меңгеріп жатырмыз», — дейді ару.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close