Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаПродюсерШоу бизнесӘнші

Алуа Қонарованың қарамағындағы қыздар продюсердің құпиясын ашты

Алуа Қонарованың қол астындағы «Аянат» тобы алғашқы ән жинағын шығармақ, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

«Аянат» тобының қыздары бір айлық демалыстан соң, шоу-бизнестегі күйбең тірлікке қайта кірісіпті. Енді girls band бар күшін шығармашылыққа арнауға бел буып отыр. Екі жылдық тарихы бар топ, биыл алғашқы ән жинақты жарыққа шығармақ. Күні-түні студияда тынымсыз еңбек еткен ұжым, таяуда кезекті клиптің түсіріліміне де кіріспек.

«Біз қазір студияда жұмыс істеп жатырмыз. Дебюттік альбомымызды әзірлеудеміз десек те болады. Әндерімізді толығымен жазып біттік. Бейнебаян  таспалау да жоспарда бар. Бірақ қай трекке түсіретініміз белгісіз. Шыны керек, сол жағы қиынға соғып тұр», — дейді

Бүгінде ұжымның жұмысы тығыз кестеге түзілген. Мәселен Әлем мен Аружанның топтан бөлек кәсібі бар. Қос ару Қонарованың өнер мектебінде ұстаздық қызмет атқарса, өзге топ мүшелері тіл үйреніп, білімдерін шыңдауда. Шәкірттерінің жан-жақты дамуын Алуа ханым әрдайым қолдауға әзір.

«Оқуға түсуіме Алуа ханымның сөзі әсер еткен шығар деп ойлаймын. Себебі мен колледжге құжат өткізу үшін екі ойлы боп жүрдім. Сосын продюсермен ақылдаса келе тапсыратын боп шештім», — дейді топ мүшесі.

Продюсер қыздардың кемшін тұстарын да бетіне баспай, ауызбіршілікті басты назарға қояды екен.

«Біз жұмыс барысында көптеген қателіктер жіберіп аламыз. Продюсеріміз үнемі  дұрыс жаққа бағыт беріп отырады. Сондықтан біздің ұжымда ешқашан да сөзге келісіп, мен кетемін дегендей түсініспеушіліктер болмаған», — дейді girlsband.

Дебютін 2018 жылы алған топ алғашқыда орталыққа табыс әкелмеген еді. Бүгінде жанкүйерлерін жасақтап үлгерген қыздар ұжымы, кештерден тапсырыс алып, Қонарованың қалтасын қалыңдата бастаған.

«Барлық кештерден табыс келеді деп айта алмаймыз. Бірақ концерттерден, жаңа жылдық мерекелерден, жабық іс-шаралардан белгілі бір гонорар алып тұрамыз», — дейді топ.

Қонарова мен қыздар арасында жеті жылдық келісімшарт бар. Бойжеткендер, шығармашылықтан бөлек тұрмыс құру жайын да естен шығармақ емес. Алайда…

«Бізге жігітпен жүруге болмайды. Рұқсат етілмеген. Негізі осы тақырыптан қорқамын. Басымыз бос. Егер тұрмыс құру керек боп жатса, Алуа Құрманғалиқызымен келісеміз ғой. (күліп) Бірақ келісімшартымыз 24-25 жасқа келгенде бітеді. Бізге де сол кез отбасы жайлы ойлауға ыңғайлы әрі жақсы», — дейді «Аянат» тобы.

Иә, бүгінде қыздар үшін жеке өмірден гөрі, топтағы міндет маңызды. Алуа Қонарованың келісімшартта  «Аянат» тобына қойған қатаң талабы да бар. Сондай-ақ продюсер мен жоба арасындағы ресми құжаттың жарамдылығы мәресіне жеткен соң бойжеткендердің болашақта жеке әнші ретінде танылуына қол ұшын беретінін де айтқан. Сондықтан сылқымдар girlsbandтің гүлденуіне аянбай тер төкпек.

«Міндетті түрде жеке шығасыңдар, әркімнің өз аты болады деп айтады. Ең бастысы ниетің мен жеке әншілікке деңгейің жетсе жеткілікті. Бірақ қазір тек топ үшін еңбек етіп жатырмыз»,  — дейді арулар.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close