InstaNewsЖаңалықтарКино & ТеатрПродюсерШоу бизнес

Нұрлан Қоянбаев – миллиардер! «Бизнес по казахски в Корее» қазақ кинотарихындағы ең табысты фильм

2020 жылы жарық көретін отандық кинотуындылардың бестігі анықталды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы. Биыл үлкен экранға жол тартатын төмендегі фильмдердің қайсысы Қоянбаевтың рекордын жаңарта алады?

2019 жылы қазақ киноқоржыны бірқатар фильмдермен толықса, биыл да көптеген туындылардың тұсауы кесілмек. Мәселен жыл басынан жемісті еңбек ете білген Нұрлан Қоянбаев, 30 қаңтар күні «My love is Aisulu» романтикалық комедиясын қалың көпшілікке ұсынбақшы.

Айта кетейік, Қоянбаевтың өткен жылдың соңында жарық көрген «Бизнес по казахски в Корее» киносы Қазақстандағы кассалық жиыны жағынан ең көп фильмдер қатарынан орын теуіп, соңғы көрсеткіш бойынша 1 миллиард 40 миллион теңгені қанжылаған.

Осы жылдың 27 ақпанынан бастап, Баян Алагөзованың «Я пышка» атты комедиясы да үлкен экранға жол тартады. Тәуекел Мүслім, Қарлығаш Мұхамеджанова, Жәния Джуринская сынды танымал актерлар бой көрсететін фильмде, толық қыздардың тағдыры баяндалмақ. Басты рөлде Ақтөбелік ару —  Назерке Назарова.

5 наурызда танымал вайнерлер Мейіржан Төреханов пен Дана Есеева басты рөлде сомдайтын «Семейные страсти» туындысы да қазақстандықтардың назарына ұсынылады. Аталмыш кино отбасылық өмірдегі қызықты оқиғаларға құрылған. Комедияның трейлері де шығып үлгерді. Режиссері — Асқар Бисембин.

Сондай-ақ,  биыл Нұртас Адамбаевтың «Сабинка келинка 3» фильмі жарық көреді. Қазақстандықтар қала қызының ауылдағы келіндік өмірін тағы бір мәрте тамашаламақ. Аталмыш туындыны киносүйерқауым 19 наурыздан бастап көре алады. Естеріңізге сала кетейік, Адамбаев бұған дейін «Сабинка келинка»-ның екі бөлімін таспалап, басты рөлді өзі сомдаған еді. Алайда продюсер өткен жылы Сабинка образын соңғы рет ойнайтынын әлеуметтік желіде жариялады.

2020 жылы елімізде жарық көретін кинолар тізімі мұнымен шектелмейді.  Режиссер Жеңісхан да отандастарына комедия жанрындағы тың туындысын ұсынуға асық. Өткен жылдың күзінде «Базар жоқ, Мексика» атты толықметрлі фильмнің түсірілім жұмыстарын аяқтаған Момышев, тұсаукесерін сәуір айына жоспарлап отыр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close