InstaNewsЖаңалықтарКлиптерМузыкаШоу бизнесӘнші

Су жаңа клипінен үзінді жариялаған Жанар Дұғалова сынға ілікті

Таяуда әнші тың бейнебаянының түсірілім жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Жанар Дұғалова араға біршама уақыт салып, жеке шығармашылығына қайта кіріскен. Алайда әнші Instagram парақшасында түсірілім сәтінен бейтаныс жігітпен аймаласқан сәтінен үзінді жариялап, жұрттың ашуын тудырып алды. Жүктелген бейнероликті көрген желі қолданушыларының бірқатары өнер иесін жақтаса, енді бірі кереғар пікірлерін жаудырды.

 

«Жанар, сені де қазақтың қызы деп айтады-ау! Бүлінген қыз», Неде болса, ұят болған екен», «Осылар сүйіспесе клип түспей ме?», «Өнеріне әңгіме жоқ, бірақ ашық-шашық киіну біздің менталитетке жат», Сізге көңіл жетпей жүр ме? Аймалайсыз да жүресіз», «Сенен мұндайды күтпедім», «Жабыспай түсуге болмай ма?», — деді оқырмандары.

Өнер иесінің «Ақымақ болма» аты әніне таспаланған клип, жақын арада көпшілік назарына ұсынылмақ. Бүгінгі күні тек тизері тыңдармандарына таныстырылды. Режиссері – Ернар Нұрғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, Жанар Дұғалова қалың көпшілікке «KeshYou» тобы арқылы таңылып, Баян Алагөзованың қарамағында біршама жыл жұмыс атқарды. Жеке шығармашылығына бет бұрған ару, «Turkvision – 2014» музыкалық байқауының жеңімазы атанып, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері төсбелгісін  иеленген.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close