Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрПродюсерТұсаукесерШоу бизнес

Құралай Анарбекова Ва-Банк киносы үшін қанша қаражат жұмсаған?

Отандық киноқоржын тағы бір тың туындымен толықты. Құралай Анарбекованың «Ва Банк» фильмінде актерлар қандай қиындықтарға тап болған? Бұл картина Құралайдың қалтасын жұқартқан ба?Ал актерлар өздері сомдаған кейіпкерге неге көңілі толмай жүр? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталынан оқи аласыздар.

«Ва-Банк» Құралай Анарбекованың үшінші толықметражды туындысы. Қалың көрерменге бүгіннен бастап жол тартатын картинада, банк қызметкерлерінің өмірі баяндалады. Дәл осы фильм жолында режиссер әрі сценарист Әлішер Утев үш жылын сарп еткен. Алайда банк тонау операциясын бала күннен құрастырыпты.

«Бұл кішкентай кезімнен бері келе жатқан идея. Мен банк тонасам, не істеймін? Қалай тонаймын? деген оймен жазып шықтым. Басында қалай болады екен деп ешкім түсінбеді. Актерлар алғаш сценрийді оқыған кезде де ол деген қиын ғой. Қалай жасаймыз деп шошып қалды. Себебі біздегі көптеген фильмдер тек диалогтар ғой. Іс-қимылдар аз. Сондықтан кішкене қобалжу болды», — дейді режиссер.

Иә, аталмыш картинаның актерлық құрамы да тиянақты таңдалып, тіпті ақсақал рөліне сай адамды сонау Жезқазғаннан алдыртыпты. Түсірілім алаңында қатал режиссердің кейпіне енетін Алишер, команданың қарсылығына қарамай, бір кадрды отызға жуық дубльмен түсірген.

«Әрбір сахнада төбелес, кикілжің болды. Тіпті бомба жарылды. Қаншама каскадерлар жұмыс істеді. Біздің актерлардың бәрінің дене бітімі шынықпаған. Сондықтан бір жарым ай бойы  төбелесу үшін жаттығуға тура келді. Дариға Бадықова деген актрисамыз жарақат та алды. Бірақ қуанышқа орай  қатты зардап шекпеді», — дейді Әлішер.

Ал бұл картинада қорқақ жігіт Сиконы сомдайтын актер Нұркен Иманқұловтың да түсірілім барысында көрген қиыншылығы бар.

«Каскедарларды қолданбай, шугаринг, депиляцияны өзіме жасады. Маған орнына дублер ойнасын деп ұсыныс жасаған. Бірақ  мен оған келіспей, эмоцияны өзім беру керекпін деп айттым. Шугаринг дегенді бірінші рет көрдім, тіпті естен танып қала жаздадым», — дейді актер.

Бұған дейін бірнеше комедиялық картиналарда бой көрсеткен Дариға Бадықоваға, бұл фильмде банктің аға күзетшісі рөлі бұйырыпты. Алайда актрисаға дәл осы кейіпкерді сомдау көңілін су сепкендей басқан.

«Күлмей, бір қалыпты жүрген қиын екен. Мен өзім өмірде күлегешпін ғой. Жұртпен қалжыңдасып жүргенді жақсы көреміп. Ал мына кейіпкерімнен кәдімгідей. жалығып кеттім. Күлмейді, не нәрсені байсалды қабылдайды, әзілдеспейді. Ал мен ойынды жақсы қабылдаймын», — дейді Бадықова.

Құралай Анарбековаға алдыңғы фильмдерінен қарағанда «Ва Банк» картинасы қымбатқа түскен. Бірақ шығын өтеле ме, ол уақыттың еншісінде. Ал актерлардың еңбегі қалай есептелген?

«Актерлардың қаламақысын азайтып, киноның сапасын арттырдық десек артық болар. Олардың бағалары ешқандай ықпал еткен жоқ. Өйткені жақсы актер ойнау үшін өздерінің сұраған ақшасын бересің. Себебі  үш ай бойы киноға өз өмірлерін арнайды», — дейді продюсер.

«Гонорар көп емес. Қайта ең азы менікі болған шығар», — дейді Нұркен Иманқұлов.

«Арнайы қойған бағам бар. Оны қазір көпшілігі біледі. Кейде енді базардағыдай саудаласып кетсе, оны ақырындап айтамыз», — дейді Дариға Бадықова.

Иә, отандық киноқоржын тағы бір туындымын толықты. Алайда алғашқы көрермендерінің көңілінен шыға алды ма?

«Брат или Брактың екі бөлімін түсірді ғой. Үшіншісін түсірмей, бірден осы киноға кеткені дұрыс болды. Өйткені бұл жаңа туынды. Динамикасы салынған. Актерлық құрам өте жақсы ойнаған, сондықтан өзіме қатты ұнады», — дейді режиссер Жеңісхан Момышев.

«Банкты жаңадан салу, декорация қою. Бұл өте қажырлы еңбекті талап етеді.  Әлішер өте мықты жұмыстар істепті. Құттықтаймын! Менің ойымша осы жылы кассалық жиыны бойынша рекорд жасайтын кино болады», — дейді вайнер Мейірхан Шерниязов.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close