Басты жаңалықтарЖаңалықтарСұхбаттарШоу бизнесЭксклюзив

Нұрлан Қоянбаев өзін айыптаған актерға жауап берді

Тамаша театрының актері Ерубаев алғашқыда «Бизнес по-казахски» фильмінде Еркош рөліне бекітіліп, содан соң түсірілім алаңынан шеттетілген еді. Дәл осы жағдайдан кейін Саттар Қоянбаевты алдап кетті айыптады. Алайда, Нұрлан Shownews.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында актердің сөзін жоққа шығарды

Саттардың қазақ режиссерларына деген өкпесі қара қазандай. Себебі, актердің фильмге түсуде жолы болмай келеді. Сөзімізге дәлел Ерубаев Жеңісханның Мексикадағы түсіріліміне іріктеуден өтіп жолдама алған еді. Алайда, кинодағы кейіпкерінен қағылған.
«Жеңісханның Мексикадағы киносына мен де түсуім керек еді. Жеңісхан маған бірден хабарласып, сен қарап жүрмей виза аш деді. Бір ашқанда он жылға жарайды екен ғой. Бізге сондай талап қойды. Сонымен виза ашылмай ол кинода  болмай қалып тұр ғой. Әңгімесі көп енді», — деді актер Ерубаев.
Саттардың бекілітген рөлден қағылуы бірінші рет емес. Нұртастың «Әкім» фильмінде де Ерубаев бой көрсету керек еді. Бірақ, Адамбайдың командасымен тіл табыса алмаған актер, тағы да түсірілім алаңынан шеттетілген.
«Нұртастың «Әкім» деген киносына тағы түсуім керек болатын. Тәртіп сақшысының рөліне. Ол кезде де түсіріліммен күніміз сәйкес келмеді. Сол арадағы кастинг директоры қыздар бар, жас балалар бар кішкене дөрекі сөйлеп әңгімеміз жараспады», — дейді Саттар.
Актердің мұндай сәтсіздікке тап болуы кино әлемінде жиі орын алады. Алғашқыда «Бизнес по-казаски» фильмінде Еркош образына Рамазан емес, Саттар бекітілген еді. Белгісіз себептермен Ерубаев тізімнен тағы да сызылған. Ол соңғы сұхбатында аталмыш жобаның жетекшісі Нұрланға ренжіп, алданғанын айтқан еді. Алайда, бұл ақпаратты Қоянбаев жоққа шығарды.
«Жалпы Еркоштың рөліне бірнеше жігіт ұсынылды. Және де, Жеңісхан деген режиссер өзі Еркошты таңдап алды. Басында біз әр түрлі актерларды айтқанбыз. Мен де бас продюсер ретінде Саттар да жақсы келетін сияқты дедім. Бірақ, режиссердің өзінің таңдауы сол болды», — дейді Қоянбаев.
Дәл осылай БАҚ өкілдерін дүрліктіріп, ғаламторды шулатқан Саттарға Нұрлан Қоянбаев соңғы сөзіне айтты.
«Осыны жаңалықтан естіген кезде қатты таңғалдым. Және де сол жігітке қатты ренжідім. Ондай әңгімені олай айтуға болмайды деп ойлаймын. Саттардың  эфирге шығып, ондай майда әңгіме айтқаны билмеймін енді бізде Қызылорда да  дұрыс емес деп саналады», — деді Нұрлан.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close