InstaNewsЖаңалықтарКино & ТеатрШоу бизнесӘнші

Айгүл Иманбаева Bek Air ұшағы жайлы: Көретін дәм-тұзым бар екен

Bek Air ұшағында орын алған жайсыз жаңалық бүкіл халықтың еңсесін түсіріп тастады. Айгүл Иманбаеваның айтуынша, аталған рейсте өнер адамдары да бар, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Бүгінгі таң Қазақстан үшін көңілсіз атты. Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағытталған Bek Air ұшағы орта жолда апатқа ұшырады. Қайғылы жағдай халықпен қатар, әртістер қауымын да бей-жай қалдырған жоқ. Мәселен, Айгүл Иманбаева аталған рейске билет алуды көздеген. Бірақ әншіге бұйырмапты. Әлеуметтік желіде жазба қалдырған өнер иесі, бір ажалдан аман қалғанын айтады.

«Бір Алла жар болсын. Ажал айтып келмейді. Барша апатқа ұшырған жандардың туғандарына қайғырып көңіл айтамын. Алла сабыр берсін. Ішінде біздің өнер адамдары да бар. Жаңа әуежайда кездесіп әңгімелесіп, бұйыртса кешке концертте кездесеміз» — деп қоштасып кетіп едік. Бүгін Алматыдан бас қалаға мен де ұштым. Билет таба алмай, осы Bek Air-ден де қарадым. Билет болмады. Көретін дәм-тұзым бар екен. Еліміз аман болсыншы. Бір-бірімізге жақсы тілек тілейікші. Мен сіздерді жақсы көремін, достар!» деді Айгүл Иманбаева инстаграм парақшасында.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close