Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Мәдина Сәдуақасова оқырмандарымен соттаспақ па?

Сәдуақасова сексуалды суреттерін желіге жүктеген сәтте оқырмандары жағымсыз пікірлерін жаудыра бастаған еді. Алайда, Мәдина ешкімнің сөзіне мән берместен түрлі образдағы фотосессияларын жалғастыра беретінін айтты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Сәдуақасова соңғы кездері ашық образдағы фотосесиясымен жиі жұрттың қытығына тиіп жүр. Мәдина жартылай жалаңаш суреттерін желіге жүктеген сәтте әншіге жолданған пікірлер легі мынадай.
«Сізге жараспайды мұндай қылықтар. Атаңыздың атына ұят болады. Әрі күйеуіңіз бар», «Ұят қой мынау, Мәдина. Жабық киінетін еді. Қартайғанда қылық шығарайын дедің-ау», — деді оқырмандары.
«Жолдаған пікірлерді бір түрлі қабылдаймын, жүрегің ауырады екен. Енді, адамдар неше түрліні жазып жатыр ғой. Мен кім үшін өлең айтамын әрине, халық үшін, адамдар үшін. Сондықтан, сол жандардан, көрермендерден келіп жатқан сөздер болғандықтан жүрегіңе тиеді. Жылайтын да кездер де болады», -деді Мәдина.
Дәл осы іспеттес жазбалар Мәдина бастаған команданың ашуын оятқан. Сылқымның жанындағы жанашырлары өнер иесін даттаған желі қолданушыларын тіпті сотқа сүйреуге дайын.
«Менің көмекшім көріп жатып мынау неге сонша жазады? Білмейді ғой сізді деп суретке түсіріп алып жатады. Осыны біз енді міндетті түрде сотқа беруіміз керек, соттаймыз деп айтады. Мен бірақ ешқашанда өзімнің көрерменіммен не айтса да көз жұма қараймын, тек әрекет жасамаса болды, не десе де соттаспаймын», — деді Сәдуақасова.
Мәдинаның сабырлық танытуын жуастыққа баламаңыз. Егер шектен шығып, жанұясына тіл тигізген жағдайда Сәдауқасова құзырлы органдарға шағымдануы бек мүмкін.
«Менің отбасыма тиссе ешкімді де аямаймын. Менің өзіме тиссе жарайды. Енді адамның еті оғанда үйреніп кетеді екен. Ал отбасыма менің жолдасыма, балама, әке-шешеме, жақындарыма айтылса мен кәдімгідей қатты қабылдаймын пікірді», -деді әнші.
2019-да желіні шулатқан жұлдыз болашақта да қазіргі қарқыннан таймайтын сыңайлы. Жақында ғана ғаламторға ескі фотосессиясынан тағы бір суретті жүктеп, оқырмандарына үндеу жолдаған еді.
«Болды, болды тек ұрыспаңыздаршы. Енді бұндай фотоссесия жасамаймын, уәде беремін!» — деп жазды Мәдина жеке парақшасында.
Алайда, Сәдуақасова 2020-шы жылы да елдің аузында, жұрттың қызу талқыса түсетін секілді. Өйткені, әнші мен оның командасы бұрың сонды болмаған образдарды даярлап, жаңа фотосессияның түсірілімін де жоспарлап қойған.
«Мен шығармашылығымда командамның жұмыстарын көрсете беремін. Жоспар бойынша, ешқандай өзгертпестен», — деді Сәдуақасова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close