Басты жаңалықтарЖаңалықтарЖаһан жұлдыздарыМузыкаШоу бизнесӘлем ЖұлдыздарыӘнші

Ернар Айдар әйгілі Арашпен бірге Еуропаға аттанбақ

Өткен жылы еліміздің қос шаһарында «Махаббат қаласы» атты жеке кешін беріп, шетелдік орындаушылармен бірге ән шырқап, дүйім жұртты таң қалдырған Ернар Айдар, енді әлемдік аренаға шықпақшы, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Есеп беру концертін дүркірете өткізген хитмен, әлем жұлдыздарымен байланысын үзбей, одан әрі нығайтуды жөн көрген сыңайлы. Енді отандық орындаушы әйгілі Араштың Еуропа бойынша гастролдік сапарына бірге аттанбақшы.

«Мен Еуропа бойынша әнсапарыма Ернарды да шақырамын деген ойдамын. Бірге әдемі туындылар жазамыз деп те үміттенемін. Бейнебаян таспалау жөнінде де сөйлестік, бірақ қашан, қайда болатынын білмедім. Алла бұйырса түсіреміз», — дейді Араш.

Иә, Арашпен құрған дуэт, Ернар Айдарға сәттілік әкелген секілді. Отандық әнші енді кәрі кұрлықта қазақ әнін әуелетпек.

«Араш менің өз қалауым болды», — дейді Ернар.

Қос өнер иесі бұдан былай біріге ән де, бейнебаян да таспалауды басты назарға алмақ. Әзірге Араш пен Ернардың қоржынында «Сен дегенде» атты қазақша туынды бар. Мұнымен екі ел орындаушыларының шығармашылық байланысы үзілмек емес.

«Үлкен-үлкен бейнеклиптер түсіретін жоспарымыз бар. Ән жазып, бұдан да үлкен концерт берсек бе, деген ойымыз да жоқ емес. Қазір бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр», — дейді әншінің продюсері.

Ал таяуда өткен кешінде Сердар Ортачпен «Тағы да» деп ән шырқаған хитмен, Түркияға арнайы барып, түрік әншісімен шығармашылық тандем орнатқан. Ернардың ерекше энергиясына тәнті болған шетел жұлдызы, тағы бір мәрте дуэт орындаудан да тартынбайды.

«Егер Ернар менімен дуэт жазуды қаласа, әрине, мен дайынмын. Тіпті осы жылы өтетін жеке кешіме де шақырып қойдым», — дейді түрік орындаушысы.

Иә, Сердардың Стамбулда өтетін жеке кешінің ай, күні белгілі. Осы жылдың наурызына жоспарлаған турнесінде Ортач, Ернар Айдармен бірге ән шырқап, түрік жұртшылығына тамаша кеш ұсынуды көздеп отыр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close