Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Әнші Әміре мен актриса Жанель Мақажанның махаббат хикаясы немен аяқталды?

Осыдан бірнеше жыл бұрын Әміре өзінен 8 жас үлкен актриса Жанель Мақажанмен көңіл жарастырды деп ғаламторда қызу талқыға түскен еді. Алайда экс-ғашықтардың жолы екіге бөлінген. Әміре Shownews.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында махаббат хикаялары немен аяқталғанын айтты.

Отандық шоу-бизнестің өкілі Әміре жеке өміріндегі жаңалығымен бөлісті. Ұзынқұлақтан естуімізше, жиырмадан асқан әнші осыдан бірнеше жыл бұрын отызға аяқ басқан актриса Жанель Мақажанмен көңіл жарастырған көрінеді. Тіпті мұны көзі қырағы көрермен де байқаған. Қызығушылық танытқан жанкүйерлері дәл осы тақырыпты жиі талқыға салады екен.
«Ол әңгімені енді тек сізден ғана естіген жоқпын. Біраз кісілерде дәл осы тақырып айналасында сұрақтар қойып жатыр. Ал мен ол кісіні сыйлаймын. Өнерін бағалаймын. Дос ретінде араласамыз, таныспыз», — деді Әміре.
Бұл сауалды Жанельге тікелей жолдаған едік. Мақажан ескі махаббатын есіне алғысы келмегендей…
«Енді олда өнер адамы. Бірге концерттер де болсын, іс- шараларда бізді мүмкін бірге көріп қалған шығар», — деді Жанель.
Иә, баянсыз аяқталған ара қатынасты қос тарап та жоққа шығарып отыр. Алайда, экс-ғашықтардың тағдырының тоғыспауына себеп те бар көрінеді. Әміре Жанельдің таңдауына сай келмеген сыңайлы. Ал, актрисаның болашақ жарына қояр талабы қандай?
«Нағыз енді ер азаматқа сай болуы керек. Өзінің сөзін ісімен дәлелдей алатын, өзінің сүйгеніне қорған бола алатын. Осы заман талабына сай салауатты өмір салтын ұстанатын адам», — дейді Мақажан.
Әміре де Жанельден шынайы махаббатты сезінбеген сыңай танытты. Әнші жігіт те келешектегі келіншегінің бойында болуы тиіс қасиеттерді жіпке тізіп берді.
«Маған ары таза, мінезі жақсы. Өз орнын білетін. Қазақтың қарапайым қыздары ұнайды. Ол үйде менің анамның қызы болуы керек. Менің өмір жолымда менің теңім болуы керек. Қас сұлу, сәнгер, сылқым қыздар ондай маған керек емес», — дейді Әміре.
Экс-ғашықтардың екі жаққа кетуіне жас айырмашылығы да әсерін тигізгені байқалады. Себебі, кезінде қөңіл жарастырған Әмре мен Жанельдің арасы сегіз жас екен.
«Жігіт болғаннан кейін, біраз қызбен сөйлестім. Жақын ара қатынас болды. Енді осы уақытқа дейін мен өзімнен бір екі жас кішкентай, өзімнен үлкен қыздармен де жақын араласқан кездер болды. Сондықтан мен жасқа қарамаймын», — деді әнші.
Жанель де бұны жоққа шығармайды. 30 дан асқан актрисаға айхай жасқа аяқ бастан жігіттер жиі сөз салатын көрінеді.
«Маған шынымды айтсам сөз салатындардың барлығы жеті, сегіз жас, бес жас кіші болады. Одан мен қорқатынмын. Бірақ енді білмеймін енді ары кетсе екі жас кіші болса мүмкін болар», — деді актриса.
Мақажанның бірінші некесінен қос құлыншағы бар. Жанель қазіргі таңда екінші мәрте тұрмыс құруды жоспарлап жүр. Ал, бүгінде отандық шоу бизнестегі бойдақтардың бірі Әмре де шаңырақ көтерудің қамына кіріскен.
«Бәрі жақсы болса, жаратқан өзі бәрін жақсы жолмен алып келсе осы бір екі жылда мен дайынмын үйленуге», — деді Әміре.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close