Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесӘнші

Меруерт Түсіпбаева Рысбек Аташқа «жиіркенішті хайп» атағын берді

Жұлдыздардың арасынан «Жыл хайпы» анықталды. Ал, Жанар Хамитоваға ән арнаған Рысбек Аташқа Меруерт Түсіпбаева «жиіркенішті хайп» атағын берді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпаратық порталы

Жұлдыздарға тез танылуда тек қана ән жазып, бейнебаян түсіру аздық етеді. Олар жұрттың қызу талқысына түсу үшін түрлі пиар қадамдарға барады. Біз осы орайда әртістер арасында сауалнама жүргізіп жыл хайпын анықтан көрген едік.
«Жыл хайпына» менің ойымша Рысбек Атан лайықты. Себебін өздеріңізде білесіздер. Хайп жасаған сол!» — деді Меруерт Түсіпбаева.
Түсіпбаеваның көздегені «Жалғыз қалма» бейнебаяны. Рысбектің марқұм Жанар Хамитоваға арнаған клипі Меруерттің қытығына тисе керек. Әнші Аташтың бұл әрекетін жиіркенішті қадамға балады.
Хайп жасаудан Alem Band-те алдына жан салмайды. Алғашқы жылдары Айжан Байзаковамен ауқымды аудитория жинаудың қамына кіріссе, кейіннен бұл тізімге Чырын Нарчаеваны қосты. Тіпті, атышулы қос бикешті бір бейнебаянға түсіріп, елдің сөзіне іліккен еді. Бұл пиар қадам екенін жігіттердің өздері де растайды.
«Мысалы біз хайп жасадық. Шырын Нарчаеваны клипімізге түсірдік. Біз ешкімді насихаттамаймыз. Бірақ, ақиқаты сол», — дейді Alem Band жігіттері.
Отандық шоу-бизнесте хайпқұмарлардың арасынан ойып тұрып орын алған «Опмай опмай» орындаушылары. Біраз уақыт бойы жұрт назарынан жырақта жүрген «Азия» мен «Бақайдың» бұл клипі «жыл хайпына» лайық деп танылды.
«2019- да мен үшін енді «Азия» тобы деп ойлаймын. Өйткені, оны тек мен ғана емес бүкіл халық бағасын берді. Біздегі жаңағы кейбір өнер адамдарының өздерінің кешіндегі айтып жатқан сөздерін арасына қосып, үлкен бір хайп жасады деп айтсам болады. Сондықтан мен үшін «Азия» мен «Бақай» сол топтар мен үшін биылғы жылдың бірінші орны деп ойлаймын», — деді Кенжебек Жанәбілов.
Сәдуақасова да елдің аузында жүру үшін түрлі әрекеттерімен көзге іліккендер тізімінде. Әншінің биылғы жасаған фотосессиясы жыл бойы көпшіліктің қытығына тиді. Өйткені ашық образымен қазнетті шулатқан Мәдина біразға дейін жалаңаштанған суреті үшін қызу талқыға түскен еді.
«Мен өзімді хайп жасадым деп ойлаймын. Негізі ол жай ғана фотосессия болатын. Халық солай қабылды өздері», — деді Мәдина Сәдуақасова.
Алайда, Мәдинаның бұл фотосессиясы сән сахнасында төсін ашқан Динагүл Тасованың қадамының қасында түк емес. Сәнбике көрсетілімдердің бірінде жалаңалаш образымен еш қымсымбастан көпшіліктің алдына шыққан. Бикештің тез танылуда таңдаған әрекеті сәтті болған сыңайлы.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close