Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Айқын Төлепберген тұңғыш некесінен туған балаларына уақыт таппай жүр ме?

Өнер иесі қай ұлынан жұлдыз жасамақ? Жұлдыз Өмірғали ұл-қызының қызықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Айқын Төлепберген тұңғышын өнерге баулиын деген бе, соңғы кездері шоу-бизнес өкілдерінің түрлі жиындарына, түсірілімдерге бара қалса, Аңсарды жанына алып жүретін болған. Тіпті ұлының үлгерімін де қатаң қадағаласа керек, оқу-құралдарын да қалдырмапты.

«Бір жерге барып, кездесуге уақыт жоқ. Әрқашан жұмыстарыммен жүремін. Сосын қайда жүрсем де, бірге алып жүремін», — дейді әнші.

Әйтсе де Төлепбергеннің тығыз кестесі, ұлымен жүздесуге кедергі келтірмейді. Әке мен бала таяуда отандық фильмдердің бірінде кішігірім эпизодқа түсіп үлгерген. Аңсарға актерлық өнер ұнаса керек. Айқынның «Операция гүлдер» атты туындысында төбе көрсетпек.

«Актерлық қабілеті бар сияқты. Алғашқы киносында сөзі болған жоқ, жай түсе салды. Қазір енді өзімнің фильмімде рөл берейін деп жатырмын. Өнерге баулиын деген мақсат жоқ. Өзіне қызық боп тұрғаннан кейін қасымда жүрсін деп ұйғардым. Бірақ математик болатын шығар. Математика кітабын тастамайды. Сабақ оқып жүрміз», — деді Айқын.

Иә, әнші тұңғышының таңдауына еш талас тудырмай, керісінше, қандай шешім қабылдаса да қол ұшын созатынын айтты. Ал екінші некесінен туған ұлын Айқын өнерге баулымақ.

«Әкесі Санжарды әртіс қыламын дейді. Ал қызымыз өнер саласына бармайды-ау. Оның мінезі кішкене ауырлау», — дейді Жұлдыз.

Бүгінде жұлдызды жұп бар уақытын да, қаржысын да дебюттік фильмдеріне жұмсауда. Өйткені көктемде жарыққа шығатын «Операция гүлдер» картинасының басты рөлінде Айқын мен Жұлдыздың өзі. Ал мұндай кездері Санжар мен Ая күтушінің қарамағында қалады екен. Қазір ұлы  ес біліп, қызы қылық шығара бастаған.

«Санжар туылғалы күтушінің көмегіне жүгінеміз. Себебі жұмыстамыз. Не істейміз? Арасында бір-екі күн осылай жүгіріп қалсақ, қалған күндері жандарындамыз ғой. Қазір қызымыз ойыншықтарға қолын созып, тәтті қылықтарын шығарып келе жатыр. Ұлымыз есейіп, менен де басқа бала бар екен ғой дегендей, Аиядан әкесі екеумізді қызғанып жүр», — дейді әнші.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close