Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрМузыкаСұхбаттарТелерадиоШоу бизнесЭксклюзив

«Бизнес по-казахски в Корее» фильмінің актеры: Шоу-бизнесте екіжүзділер көп

Нұрлан Қоянбаевтың фильмі арқылы қалың көпшіліктің арасында танымалдылығы артқан Рамазан Амантай шоу-бизнестің былығын әшкереледі, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Тез танылу үшін Төреғалиге тегін ән жазған ақын, Ұлы дала баласымен жұмыс жасаудың ұтымды тұстарын атады. Рамазан Амантайдың айтуынша,  Төрештің танымалдылығы жас өнерпаздың шығармашылық жолда  шыңдалуына көп септігін тигізген.

«Кейбіреулер сынап жатады  Төреғалидың үйіне барып  ән жазады деп. Ол рас, мейлі айта берсін. Маған бәрібір. Бастысы хит болып жатыр. Ән жазып жүргеніме жарты жыл болды. Алғашқыда ешкім мойындамайтын. Одан кейін ұсыныстар түсе бастады. Қазір Серік Ибрагимов, Ғаділбек Жаңай, Нұржан Керменбаев сынды ағаларымызға  ән жазып жүрмін. Гонорарым 150-200 мың теңге. Орындалып жүрген 56, жарыққа шықпаған 50-ден аса әнім бар. Өлеңдерімнің көбісі сүйіктіммен ұрсысып қалғанда туындайды», — дейді Рамазан.

Сондай-ақ, Рамазан киносүйер қауымға «Бизнес по-казахски» фильміндегі Еркош образымен танымал. Жас актер Нұрлан Қоянбаевтың жобасында жүріп отандық  шоу-бизнес өкілдерінің талай мәрте былығына куә болған.

«Бизнес по казахски» фильміне түскеннен кейін шоу-бизнес жағалауына іліндім. Сол кезде көп шындыққа көзім жетті. Өнер иелерінің жаныңда жүріп, сыртыңнан әңгіме айтуға жақын. Тіпті, бір нанды бөлісіп жеген жандарда ту сыртымнан пышақ сұқты. Екі жүзді адамдар. Көреалмаушылық деген өте көп!» — деді актер.

Рамазан Амантай  жақында  «Бизнес по-казахски» фильмінің 4-ші бөліміне түсіп қайтқан. Аталмыш картинаның жалғасы Кореяда таспаға тартылды. Айтпақшы, шығармашылық ізденістегі актердің  жеке өмірінде де жағымды жаңалық бар. Жуырда өнер иесі отандық шоу-бизнестегі бойдақтардың санын азайтпақ.

«Жақында той болады. Өлеңдерімнің келуіне бірден-бір себепкер болған  музаммен шаңырақ  көтеру жоспарда бар», — дейді актер.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close