Жайдарман

Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігінің ширек финалы өтті

29 cәуірі күні Астана қаласы «Жастар» сарайында Астана қалалық «Жайдарман»  біріншілігінің кезекті ойыны өтті. Әдеттегідей Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтетін чемпионаттың бұл жолы ширек финалы.

Наурыз айында өткен «Маусымашар» фестивалінде іріктелген  он тоғыз команда өзара «Сәлемдесу» және «Бес жаңалық» сайыстары бойынша сайысты.  Бұлардың арасынан үздік өнер көрсеткен он екі жайдарман тобы қыркүйекте өтетін жартылай финалдық сайыстарға жолдама алды.

 Сонымен  қатар, қатысушы жайдарманшылар және командалар арасынан үздіктерін қазылар алқасы таңдап, бағалы сыйлықтарын табыстады.

Ойын екі бөлімде өтті,  түскі сағат 15:00- де және 19:00-де.  Әр бөлімде командалар екі-екі топқа топтастырылды. Ұпай сандары бойынша ойын нәтижесі төмендегідей. Тікелей жартылай финалда:

Төртінші корпус —  8,8

Жібек жолы — 8,6

Жеті жұлдыз жастары — 8,6

Тұран жастары — 8,6

Бәсеке — 8,4

Сарыарқа құрамасы  — 8,2

Энерго — 8,2

Грация — 8

Ақорда — 7,8

Арнайы — 7,6

Оң жақ жағалау — 7,4

Қараөткел құрамасы — 7

АТЭК құрамасы — 6,6

ЕлОрда — 6,4

Қонаев жастары — 6,2

Дежавю — 6,2

Қаржы академиясы құрамасы  — 6,0

Теміржол тарландары — 5,8

ҚазАТУ құрамасы — 5,8

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close