Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Мас күйінде көлік жүргізген Дауыс International тобының экс-әншісі өзіне қастандық жасалғанын айтты

Жол көлік оқиғасынан кейін жоқ болған "Дауыс International" тобының экс-солисі Жадыра Құтпанова ұзақ жылдардан кейін ашылмаған ақиқатын айтты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Алғашқыда қалың көпшілікке Дауыс International тобы арқылы танылған Жадыра Құтпанованың алкагольді сусын ішіп, көлік жүргізген бейнежазбасы ғаламторды шулатқан еді. Әнші сол сәтте тәртіп сақшыларымен сөзге келіп, мас күйінде темір тұлпарды тізгіндегенін мойындамаған.
Десек те, жүзін жасырған бикеш өзін Әсел деп таныстырып, тіпті өзі түлеп ұшқан Дауыс International тобына сөз келгенін қаламаса керек, желіде тараған роликте жалған сөйлеуге мәжбүр болған.
Алайда, Жадыра бұл уақытта дейін тіс жарып, мәселенің басын ашып ешкімге айтпаған еді. Концерттердің бірінде біздің тілшілердің құрығына ілінген Құтпанова жылдар бойы сақтаған сырымен бөлісті.
«Маған сол кезде қастандық жасалды. Өйткені мен әнші болғандықтан болар, мүмкін хайп жасағысы келді. Ол кісілердікі дұрыс емес негізі. Үстімізде құдай тұр ғой. Бәрін көріп тұр», — деді Жадыра Құтпанова.
Дәл осы оқиға әншіге сабақ болған секілді. Тіпті әр қадамын аңдып басуды жөн көрген Жадыра көлік тізгіндеуді де сиреткен.
«Қазір енді мен көлікті жиі айдаймын деп айта алмаймын. Рөлге сирек отырамын. Өзімнің жүргізушім бар», — деді Жадыра.
Құтпанова көлік оқиғасынан кейін өнереден қол үзді деп топшылады көпшілік. Кезінде бір ұжымда ән салған Айша Байбосынова құрбысыынң сахнадан алшақтауын жеке өміріндегі жаңалықтармен байланыстырады.
«Жадыраның өнерден кетуіне ол себеп болған жоқ. Ол дәл сол кезде тұрмыс құрды. Және кішкентайлы болды. Бірінші қызын сол кезде босанған еді. Міне бір жыл бұрын екінші ұлын дүниеге әкелді», — деді Айша Байбосынова.
Айша әріптесіне шаң жуытпағанымен қыздардың қарым қатынасы үзілген секілді. Бүгінде Дауыс International тобының экс-солистері өз жолдарымен кеткен.
«Біз тек әріптеспіз. Бірақ әрине достық деген қалды ғой. Бірақ енді әркім өз ісімен, әр қайсысымыз өз шаруамыз бар. Біреуі кино түсіреді, біреуі ән айтады. Біреуі баламен үйде отыр», — дейді Байбосынова.
«Қыздармен жиі кездесеміз деп айта алмаймын. Қазір мына бір концертте Айша Байбосыновамен бірге шығып жатырмыз. Әсел Садвақасова, Рано Омаровамен біз енді жақын құрбылармыз. Бірақ, олар Алматыда тұрады. Мен Нұрсұлтанда тұрамын», — дейді Жадыра.
Анда – санда сахнадан жарқ ететін Жадыраның шоу-бизнестің қайнаған ортасына оралар түрі жоқ! Бұл өзінің емес, өмірлік жарының қалауы
«Негізі менің жолдасым тағы да сәбилі келеді. Көп балалы әке атанғысы келеді. Көреміз енді. Құдай бұйыртса», — деді Құтпанова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close