Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрСұхбаттарШоу бизнес

КВН түлектері шу шығарды

КВН түлектері мен кәсіби актерлар арасында тағы да тартысты айқас басталды. Әзілкештерді ашуландырған кім? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі тарқатады.

Мәселен, көпшілікке көңілді тапқырлар клубы арқылы танылған Дастан Қалдыбаев, бүгінгі қазақ киносының күретамырына қан жүгірткендер  қатарына әріптестерін жатқызады.

«Қазақстанның комедия жанрындағы  кинолардың  көпшілігін осы КВН саласынан шыққан азаматтар, кино емес, КВН  саласынан шыққандар, сценарийін жазып, солар түсіріп жасап жатыр», — дейді әзілкеш.

Әйтсе де, Қайрат Әділгерей кез келген жобада кәсіби мамандардың бой көрсеткенін құптайды. Өйткені ол өнер академиясында арнайы білім алып, аталмыш оқу орнында 4 жылын сарп еткен.

«Олар өздерінің қолындағы мүмкіндікті пайдалана отырып, бізді тартса кәдімгідей оқыған, тоқыған адамдарды тартып, солармен бірге біте қайнасып жұмыс істесе, сонда оның жұмысы да, актердың жұмысы да көрінеді. Үлкен сапалы дүние шығады», — дейді актер.

Әділгерейдің бұл сөзі КВН түлектері Марат Достаев пен Сека лақап атымен танылған Серғазы Тоқтарбектің шамына тиген секілді.

«Қайрат Әділгерей айта ма? Көп сөйлей бермесінші деп айта саласыз ба?», — деп қысқа қайырды Марат Достаев.

 «Біз он жыл бойы әзілді дұрыс жазуға және сахнада тұруға өзіміз үйренгенбіз. Қателерімізді өзіміз дұрыстағанбыз. Мысалы біреу 4 жыл барып арнайы оқиды, ал біз соның бәрін 4 жыл ізденіп, өзіміз меңгердік десек болады», — дейді Сека.

Десе де, бір терінің пұшпағын илегендер қанша тартысқа түскенімен, мақсаттары бір, ол — қазақ өнерін өркендету.

 

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close