Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзив

Ерке Есмаханның пластикалық отаның көмегіне жүгінгені рас па?

Таяуда Кореядан сәлем жолдаған Ерке Есмаханның қандай мақсатпен Сеулге барғаны анықталды. Желі қолданушыларының айтуынша, әнші пластикалық ота жасатуға барған көрінеді деп хабардайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Еркенің Сеулдің емханасынан жолдаған сәлемі желі қолданушыларының күдігін оятты. Әншінің оқырмандары Есмаханның бұған дейін де пластикалық отаның көмегіне жүгінгені жайлы жарыса жазып жатыр.
«Енді неңді өзгертесің? Бәрін өзгертіп болдың ғой. Бұрынғы фотоңды көрдік», «Операцияны өлтіріп жасатыпсың. Көзің, жағың, мұрның бәрі өзгерген. Бұрынғы Еркемен қазіргі Ерке жер мен көктей», — дейді әншінің оқырмандары.


Санаулы уақыттан соң әнші Кореядағы соңғы постында ота жасатудағы ойынан айнып қалғаны жайлы жасырмай жазды.
«Кореяның Сеул қаласынан жалынды сәлем! Келбетімді өзгертуге келген жоқпын! Осы барыммен әрі қарай өмір сүре беретін болып шештім. Дәл қазіргі түріммен-ақ өтіп тұрмын, жақсы көріп жатқан адамдар жеткілікті», — деп жазды Есмахан инстаграм парақшасында.
Есмаханның әлеуметтік желідегі әр қадамын жіті қадағалайтын шоу-бизнес өкілдері де бұдан хабардар болып шықты.
«Енді қазір жұлдыздардың көбі Кореяға барып жатыр. Сеулде жүргенін инстаграм парақшасынан көрдім. Біреулер денсаулығы үшін барады. Ал енді бірі жәй қыдырып барып жатыр. Бірақ дегенмен, сол жүргендерінің астында бірнәрсе бар сыңайлы»,- деді әзілкеш, Ерлан Серікбаев.
Көзін үлкейту, бетіне ботекс жасатып, ернін ісірту! Одан қалды жағын кішірейту жұлдызды сылқымдар арасында белең алған секілді. Бірақ, бикештердің жасанды сұлулыққа жүгінуі ерлер қауымына жақпай келеді.
«Маған қыздардың еріндеріне пластикалық ота жасатқаны ұнамайды. Жанынан қарасаң білініп тұрады. Жейіркенішті. Мен бәрін бірден біліп қоямын. Кім ота жасатты, кім жасатпады бірден аңғарамын»,- дейді әнші Диас Аблаев.
Жігіттердің табиғи болмысты қолдайтынын Аyree де жақсы біледі. Сондықтан болар, әнші ару пластикалық отаға түбейгейлі қарсы.
«Әлі түкте жасатқан жоқпын. Жасамаймында! Себебі, мен үшін ол бір жағымсыз нәрсе. Алла тағаладан берілген түр. Сондықтан, оны өзгерту дұрыс емес. Егер денсаулық нашарласа, демалу қиын болса, сол кезде операцияға жүгінуге болады. Ал, біреуге еліктеу үшін ол болмайды. Мен үшін ол өте жат қылық»,- дейді Ayree.
Ал, Ayreeдің пікірімен Мақпал мүлдем келіспейді. Өйткені, Исабекованың кезінде ота жасату үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Қазір өнер иесінің ойы өзгертіпті.
«Жасым небәрі 35-те. Бірақ болашақта жасағым келсе мүмкін жасайтын шығармын. Мен жасамаймын деп кепіл бола алмаймын. Білмеймін. Мүмкін жасайтын шығармын»,- дейді Исабекова.
Сұлулық әлемді құтқаратыны бесенеден белгілі. Десек те, табиғи болмысымызды жоғалтып алмасақ болғаны.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close