ЖаңалықтарӘнші

ҚР Бас прокуратурасы RENZO тобының әншісінен кешірім сұрады

ҚР Бас прокуратурасы RENZO тобының әншісі Жанболат Ертаевтан кешірім сұрады.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Фейсбуктегі жеке парақшасында жарияланды.

«Құрметті Алуа Қонарова! Құрметті Жанболат Ертаев! Бас прокуратура басшылығы атынан Жанболатқа қатысты орын алған жайтқа байланысты кешірім сұраймыз. Бәрін тексердік, сөйтсек біз өрескел қателік жіберіппіз.

ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың тапсырмасымен ШҚО прокуратурасының қыземткерлері Жанболаттың тапталған құқығын дер кезінде қалыпқа келтірмегені үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал Өскемен ішкі істер департаментінің тергеушісіне қатысты салақтық фактісі бойынша тергеу қозғалды. Біз мұндай жайттардың алдын алуға барымызды саламыз, бұл істе сырттай адамдар көмектесіп жатса, алғысымыз шексіз болар еді„ деп жазды ведомствадағылар.

Еске сала кетелік, «RENZO» поп-тобының әншісі Жанболат Ертаев түнгі клубта шу шығарып, төбелескен деп айыпталған. Бұл туралы әншінің өзі сотталмағандығы туралы ЦОН-нан қағаз алуға барғанда біліп, аң-таң болыпты. Қозғалған іс бойынша әнші Өскемендегі түнгі клубтың бірінде біреуді сабаған. Сұрақ-жауап хаттамасында тіркелген ол туралы мәліметтердің барлығы әншіге қатысты туп-тура тіркелген екен.

Бірақ аты-жөнін дұрыс айтқан әнші тегінен шатасыпты. Ал түскен суретте Жанболат емес, оның Семейдегі кластасы болып шықты.

Бала кездегі досы полицияға түскенде Жанболат болып мәлімет берген, бірақ ішкі істер органындағылар оны тексермеген немесе солай болғанын қалаған. Осылайша Жанболат Ертаевтың „Бұзақылық„ бабы бойынша жауапқа тартылғанына 1 жыл болыпты.

Дереккөз: Kaz.365info.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close